Соның арасында әлемнің түкпір-түкпірінен ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен еңбегі сіңген белгілі қайраткерлері қатысты. Соның бірі - Ресейлік медиа менеджер Арман Давлетяров. Ол Қазақстанмен өзін не байланыстыратын айтты.
- Қазақы тәрбие, салт-дәстүр мен тілімізді білуі ең әуелі ананымен сүтімен келіп, бойымызға сіңген дүние. Өйткені үйге кірерде оң аяқпен кіруді, дастарқан басында қай жерге отыруы, тіпті астан кім бірінші алуы керегін біліп өстік. Мысалы, анамыз үйде тек қана қазақ тілінде сөйлейтін. Баламыз ғой, кішкентайымызда дастарқаннан ұшып тұрып бара жатсаң "Ей, отыр, қайда кеттің? Алдымен бата оқылсын, содан кейн тұрасың "деп ұрсып беретін. Сондықтан анамның арқасында өзге елде жүрсем де қазақтығымнан айырылмай өскен жанмын. Сол үшін де отбасымызда барынша салт-дәстүрімізді ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден айырылмадық. Елім де, жерім де, халқым да мен үшін қымбат, - дейді Арман Давлетяров.
Оның айтуынша, осыдан екі ай бұрын ғана үлкен балаларын Бурабайдағы лагерьге екі жұмадай болып қайтқан. Ол жерде қазақ үй тігіп, ат шаптырып, қазақша сөйлетіп, ұлттық нақышты демалды.
- Балаларым қазақ мәдениетіне, салтына қанып өссе деймін. Әрине, үйде мұның бәріне айтып, үйретеміз. Бірақ көргендей болмайды ғой. Әсіресе, туған жерде жүріп өзіне сіңірудің әсері де ерекше болады. Лагерьден келген соң балаларымнан "Қазақстанда бірінші рет болдыңдар, қалай ұнады ма?" десем, "иә, ұнады" дейді. Балаларым қазақша сөйлейді, түсінеді, - дейді ол.