"Құран Кәрімді аударуға он жыл жұмсадым" – Ершат ОҢҒАРОВ
"Құран Кәрімді аударуға он жыл жұмсадым" – Ершат ОҢҒАРОВ
639
оқылды
Қасиетті Құранның қа­зақ­ша аудармасы жарық көр­­ді. Аударған – ҚМДБ Тө­­рағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-теолог Ершат Оңғаров. Бұл аударманың бұрынғы ау­дар­­малардан өзгешелігі неде? Кейіпкерімізге қой­ған сауалымыз да осы бол­ды. – Ершат мырза, қасиетті Құ­ран Кәрімді аударуға 10 жыл уа­қыт жұмсаған екенсіз. Құранды ау­даруға не себеп болды? – Адамзат үшін қиын-қыстау заман өтсе де, Құран Кәрімнің қасиеті ешқашан кемімеген. Өт­кен ғасырда хакім Абай «Алла­ның өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш­уа­қытта жалған болмас. Көп кі­тап келді Алладан, оның төр­ті Алланы танытуға сөз айыр­мас» деп жыр­ла­са, бүгінде сол Алла сөзіне де­­ген халықтың ынтызарлығы, құ­ш­тарлығы ерекше. Оның бір­ден-бір айшықты айғағы – әрбір елді мекендерде көркем кейіпте бой көтеріп, көптен салынып жатқан мешіттер, жұма намазына жұмыла жиналып жатқан жастар­дың жасағы. Қазақтілді оқырмандарға ар­нал­ған Құран Кәрімнің жаңа бір аударма нұсқасын рухани қ­о­ры­мызды толықтыратын дең­гей­де жазу менің Мысыр шаһарында, Аль-Азхар университетінде оқып жүрген кездегі арманым болатын. Құранды зерттеуге кірісіп, құнды еңбек жазуға деген талпынысым сол кезден басталған еді. Бірінші еңбегімді Құранды дұрыс оқу мен қырағат жолын үйрететін «Мұх­тасар тәжуид» атты кітап жа­зуға арнадым. Аллаға шүкір, ол жи­нақ қазақ және орыс тіл­де­­рінде жарық көрді. Құранға деген мендегі ынтызарлық, онда айтылған әрбір сөзге, айшықты ойға деген бағалаушылық оқыр­ман жүрегіне имандылық гүлін ексем деген асқақ арманды ту­дыр­ды. Қасиетті Құранды аударуға себеп болған тағы бір жайт – жас­­­тардың жат ағымдар же­те­­­­гінде кетуі. Құран аят­та­­­рын тікелей түсініп, онда­ғы астарлы мағынадағы «му­­та­шабиһ» аяттарды сөзбе-сөз қа­­былдау үдерісі қоғамда бук­­ва­­лизм мен догматизм мә­се­­­ле­сін шығарды. Әсіресе, қа­зақ елі үшін он ғасырдан астам уа­қыт бойы дәстүрлі жол бо­лып қа­лыптасқан Ханафи маз­ха­­бын мойындамайтын, көп­ші­лік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, ел­дің ауызбіршілігіне нұқсан кел­тіретін жат идеологиялар елі­міздің тыныштығына қауіп төн­діре бастады. Бұл еңбек жастарымыздың дес­труктивті ағымдардың ар­ба­уы­на кетпеуіне ықпал етеді деген үміттемін. – Бұған дейін Құран Кәрімнің тәпсірін де аударғандар болыпты. Олармен таныса алдыңыз ба? – Бүгінгі күнге дейін Құран­ның қазақ тіліне аударылған то­лық тәпсірін көрмедім. Бар болса да, әлі жарық көрмеген болар. Аударма ерекшелігі – қасиетті аяттар араб тіліндегі түпнұсқадан аударылған, аяттардың қазақша ма­ғынасы берілген, аяттың тәп­сірі, түсініктемесі мен тарихы жан-жақты жазылған, сүренің қазіргі ғылыммен байланысы баяндалған, араб тіліндегі аяттың дұрыс оқылу транскрипциясы бе­рілген. Кітап көлемі 1 000 беттен асады. Бұл нұсқаның бір ерекшелігі – бүгінгі талғампаз оқырманның талғамына сай тарихи, ғылыми, философиялық тұрғыдағы тәп­­сір­­лермен түсіндірілген. Яғни, Жа­­ра­тушы тарапынан түсіріл­ген ұлы жарлықтарға қатысты сол ықылым замандағы тари­хи оқи­­ғалар мен тарихи кейіп­кер­лер, әртүрлі қиян-кескі со­ғыс­тар, сол қоғамның сая­си жә­не әлеу­меттік себеп-сал­да­ры кө­не заманда ғұмыр кеш­кен ислам зерт­теушілерінің ғы­лы­ми һәм тағылымдық тәп­­сір­­ле­рімен тәлімделді. Беріл­ген түсі­ніктемелер мен тәпсір­лер әл-Ма­туриди, ән-Нәсәфи, әл-Жәлә­ләйн сияқты Ханафи маз­һа­бының ғұлама ғалымдары мен әл-Әлуси, әл-Қуртуби, абу Хаян әл-Андалуси, Әс Сабуни т.б. тәпсіршілердің араб тіліндегі кі­тап­тарынан аударылды. Аудар­ма барысында осы ғұламалардың ең­бек­тері үлкен рухани азық болды. – Құран Кәрімді бұған дейін Уа­қап Қыдырханұлы, Халифа Ал­тай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы да аударды. Олардан артықшы­лы­ғы неде? – Бұған дейін де қасиетті Құ­ран Кәрім қазақ тілінде бірнеше мәрте тәржімаланып үлгерген еді. Әр кезеңде әртүрлі аудармашылар қа­ламынан шыққан бұл ұлы кі­тап өз уақытысында халық қа­­­­жеттілігіне жарап, ұрпақ сана-сезі­міне иман нұрын түсіруге үл­кен медет болды.  

Қасиетті Құранды аударуға себеп болған тағы бір жайт – жас­­­тардың жат ағымдар же­те­­­­гінде кетуі. Құран аят­та­­­рын тікелей түсініп, онда­ғы астарлы мағынадағы «му­­та­шабиһ» аяттарды сөзбе-сөз қа­­былдау үдерісі қоғамда бук­­ва­­лизм мен догматизм мә­се­­­ле­сін шығарды. Әсіресе, қа­зақ елі үшін он ғасырдан астам уа­қыт бойы дәстүрлі жол бо­лып қа­лыптасқан Ханафи маз­ха­­бын мойындамайтын, көп­ші­лік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, ел­дің ауызбіршілігіне нұқсан кел­тіретін жат идеологиялар елі­міздің тыныштығына қауіп төн­діре бастады.

  Дегенмен де, ұшқыр қиялдай зымырап бара жатқан заман өз дәуіріндегі талғампаз ұрпақтың жаңа сұраныстарын, рухани азық­тары мен танымдарын те­рең­детуді талап етеді. Өйткені олар Жаратқанның жіберген ақи­қи қағидаларын тарихи не­гізде және өз ғасырының ма­ңыз­­ды тұрғасында ұғынғысы ке­ле­ді. Яғни, қасиетті Құран Кә­рім­нің бағалы қазынасы бол­ған 114 сүре һәм 6 226 аятты жан-жақты түсіндіріп беретін тәп­сірлер (түсініктемелер) талап ете­ді. Бұған дейінгі қазақ тіліне рес­ми түрде тәржімаланған нұс­қалардың барлығына ортақ ұқ­састық – Құран аяттарына бе­рілген тарихи, ғылыми әрі фи­ло­софиялық тұрғыдағы тәп­сір­­лер­дің жоқтығы немесе жоқ­тың қасы деуге болады. Ал қа­сиет­ті Құ­ран­ның орыс және басқа ше­тел тілдеріне аударылған нұс­қа­­ларында әрбір аяттың өзіне бір­­неше тәпсір-түсініктемелер бе­рілген. – «Мысыр, Түркия, Араб ел­де­ріндегі түпнұсқа еңбектерге сүйен­дік» дейсіз. Түпнұсқадан ау­да­ру қиын болған жоқ па? – Әрине, қиындықтар болды. Қа­сиетті Құранның аяттары мен тәп­сірлеріндегі тарихи мәлі­мет­терді, терең тәлімдерді шашау шы­­ғармай, араб тіліндегі түп­нұс­қадан жолма-жол аудару­дың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары жеткілікті. Оны Құран риторикасынан бөлек, бай араб тілінің (бір сөздің 200-ге жуық синонимдері кез­де­­седі) сти­листикасы мен морфо­ло­гия­сының күрделілігі­мен тү­сін­діруге болады. Сонымен қа­тар Алла кәләмінің мәнін, ша­­­­риғи мақсатын жеткізу терең ис­­ламтану ғылымының қыр-сы­рына қанық біліктілікті әрі қы­рағы көзқараспен сараптау қабілетті қажет екені белгілі. Әсі­ресе, астарлы мағынадағы аят­тар­ды аудару барысында ізденіске көп уақыт кетті. Аяттардың мағынасы мен тү­сініктемелері Қазақстан мұ­сыл­­мандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұстанатын Әбу Ханифа маз­һабы мен имам Матуриди ақи­­далық мектебінің канондық ерек­шеліктеріне сай берілуі басты назарға алынды. Арабшадан аудару өз алдына, оны қазақи жатық тілде өңдеу де қа­жырлық пен ұлтқа деген сүйіс­пен­шілікті қажет ететін үлкен жұмыс. Терең мағыналы құнды қазынаның бар нәрін қазақ тілінің қалыптасқан грамматикалық ережелеріне сай сөйлемдермен өрнектеп, бай да нәрлі әдеби тілі­мен көркемдеп, жалпы оқыр­ман­ның қабылдауына жайлы тие­тіндей, тамсана оқитындай етіп редакциялаған – жазушы-про­заик, Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі Нұржан Мұ­рат­әлі ағамыз. Ағамызға Алла са­уап­тан жазсын! – 3 000 дана таралым аз емес пе? Оқырман бұл кітапқа қалай қол жет­кізеді? – Иә, аз деп ойлаймын. Осы ретте кітаптың шығуына демеу­ші­лік жасаған «Ажар» руханиятты қолдау қорының президенті Са­мат Мұсабаевқа алғысымды біл­ді­ремін. Алла разы болсын! Алдағы уақытта ауқымы мұ­нан да үлкен таралыммен қай­та ба­сылады деп ойлаймын. Алла­ға шүкір, қоғамымызда сауап үшін игі ша­раларды іздеп жүріп істей­тін жаны жайсаң, қайы­рым­ды, иманды жандар көп. Қазіргі күні қасиетті Құран бірінші кезекте біраз дін қызмет­кер­леріне, имамдарға және кейбір ме­шіттерге берілді. Барлығына бір­дей үлестіру мүмкін емес. Жалпы, Құран Кәрімді түсі­нуге ынтық болған жандар үшін қолжетімді болу үшін мешіт жа­нын­­дағы кітап дүкендері арқылы тара­туға тырысып жатырмыз. – Аудармасын оқып көрген ға­лымдар болды ма? Олардың көз­қа­расы қалай? – Жуырда елордадағы ҚМДБ ғимаратының мәжіліс залында тұсаукесерін өткіздік. Тұсаукесер шарасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет салтанатты ашылуын жасап, тағылымды баян­дамасын оқыды. Парламент де­путаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен дін қайрат­кер­лері қатысты. Аударманы бірінші кезекте ҚМДБ сараптау комиссиясының мамандары оқып, сыни пікірлерін білдірген болатын. Әрине, мен олар­ды қабыл алдым. Еңбек елі­міздегі діни материалдарды сараптауға құзырлы мекеме – Ақпарат және қоғамдық даму ми­нис­трлігі Дін істері коми­те­тін­де­гі дін­тану сарап­та­ма­сынан өтіп, оң қо­рытынды алды. Құран Кәрімнің тұсауке­се­ріне келген ғалымдар, ислам­тану­шылар, әдебиетшілер мен зия­лы қауым өкілдері жоғары бағалап, ықыласын білдірді. Ал осы құнды еңбекке қол жеткізген жал­пы жұрт ризашылығын біл­діріп, батасын беруде. Әл­бетте, шығармашылық еңбек кем­­шіліксіз болмайды. Егер оқыр­ман тарапынан пайымды ой, салмақты сөз бен танымды түзе­тулер болып жатса, біз толық­ты­руға дайынбыз. Қазақ жұртының мәдени өмі­рі­не алтын діңгек болып ор­на­ған осы рухани құндылықты Қазақ халқына табыстағанымызға шын жүректен қуаныштымыз. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Гүлзина БЕКТАС