Израильдің әуе күштері Газа қаласының орталық аудандарына бірнеше соққы жасады.
Газа ауруханасында болған жарылыс салдарынан жүздеген адам қаза тапты
1,050
оқылды

Кеше Газа секторындағы ауруханаға Израильдің әуе әскери күштерінің зымырандары түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны 800 адамнан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Израильдің әуе күштері Газа қаласының орталық аудандарына бірнеше соққы жасады. Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, ракеталар "Аль-Маамадани" госпиталіне түскен.

Ресми ақпараттарға сәйкес, қаза тапқандар саны 300-ден асты. Al Arabiya телеарнасы мерт болғандар мен зардап шеккендер 800-ден асқанын  мәлімдеді.

Al Hadath телеарнасының репортажында көптеген науқастың далада кезекте тұрғаны көрсетілген. Зымыран жарылысынан көрші ғимараттарға да залал келіп, бейбіт тұрғындар қаза тапқан.

Палестина президенті Махмуд Аббас 3 күндік аза тұту жариялады. Al Mayadeen телеарнасының мәліметінше, ол 19 қазанға АҚШ басшысы Джо Байденмен жоспарланған кездесуді күтпестен Амманнан Рамаллаға ұшып кеткен.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы жарылысқа Израиль әскері кінәлі деген пікірді жоққа шығарып, оны лаңкестердің ісі деп мәлімдеді.

Ал “Ислам жиһады” соққыға өздерінің қатысы жоқ екенін айтты.

 

Фото: Mohammed Salem/Reuters