Дені сау адамға медициналық маска киюдің қажеті жоқ – маман кеңесі
Дені сау адамға медициналық маска киюдің қажеті жоқ – маман кеңесі
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Денсаулық сақтау минстрлігі «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев еліміздегі медициналық маска жетіспеушілігі мәселесін түсіндірді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Өкінішке қарай, медициналық масканы барлық адам жаппай сатып алып жатыр. Әлем мамандары, АҚШ-тың басты эпидемиологы масканы тек жіті респираторлық вирус ауруын жұқтырғандар ғана киюі керектігін айтып жүр. Яғни, тұмау секілді ауа-тамшы жолымен жұғатын ауру белгілері байқалған адам вирусты таратпау үшін маска киюі қажет. Сау адамдардың маска киюі міндетті емес», – деді Арнұр Нұртаев. Оның айтуынша, гигиена талаптарын сақтаса жеткілікті. «Адамдар ортақ заттарды қолданып, өзгелермен амандасады да, сол қолмен маскасын ұстайды. Бұл вирус жұқтыру қаупін көбейте түседі. Маска киюдің орнына қолды жиі жуып, гигиена талаптарын сақтағаны жөн», – деді Арнұр Нұртаев. Ол сондай-ақ, соңғы кездері медициналық маскаға сұрынстың күрт өскенін де айтып отыр.