Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қарау үшін палата бюросы сегіз мәселе ұсынған екен. Олардың ең қомақтысы – Салық кодексіне қатысты болды.
Салық саясатында айқындық керек
886
оқылды

Ал қалғандары Қырғыз Республикасымен келісімдерді ратификациялау, трансферттік баға белгілеу, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа хаттамасын ратификациялау, «Ұлттық қор – балаларға» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісімді ратификациялау туралы.

Күн тәртібіндегі төрт мәселе бойын­ша, соның ішінде Ұлттық қор бойын­­­ша Қаржы вице-министрі Дәу­рен Темірбеков, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы бойынша Ден­саулық сақтау министрі Ажар Ғи­ният, Сыртқы істер министрінің орын­басары Қайрат Омаров, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақ­се­ле­кова, Салық кодексіне бойынша Ұлт­тық экономика министрі Әлібек Қуан­тыров пен осы министрліктің және ЦДИАӨМ, ҚМ, ӘМ, ӨҚМ, ЭМ вице-министрлері, ҚНРДА мен сот әкімшілігі өкілдері шақырылды. Со­ның ішінде депутаттардың ең көп шүйліккені Салық кодексінің жо­­басы мен оған жауапты Ұлттық эко­номика министрлігінің басшы­сы болды. Өйткені Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасына сәй­кес, бұл құжат жыл соңына дейін толық дайын болып қабылдануы керек. Жиында осыған жауапты ведомс­т­во­ның асықпай отырғанын сынға ал­ған депутаттар нақты жоспар мен бел­гілі бір тұжырымдаманың жоқ­ты­ғын, жобаның әлі де жетілдіре тү­сетін тұсы көп екенін алға тарт­ты. Мәселен, ел азаматтары мен заң­ды тұлғалар сотқа жүгінгенде мем­лекеттік бажды төлеуге мүм­кін­дігі болмаған жағдайда, конс­ти­ту­ция­лық құқығын толық пайда­лан­уын қамтамасыз ету үшін, осы тө­лем­ді кейінге қалдыру тетіктері ұсы­­­­нылған. «AMANAT» партиясы фрак­циясының мүшесі Нұртай Са­билянов бұл нормадан заңды тұл­ға­ларды алып тастауды ұсынды. Сон­дай-ақ заң жобасында халықтың ш­амадан тыс кредит алуын азайту мақ­сатында азаматтар берешегін кешірген кезде микроқаржылық ұйым­дар мен коллекторлық агент­тік­тер кірісін са­лық салудан босату жайы, балаларға Ұлт­тық қордың табысынан ауда­ры­латын нысаналы жинақтарды са­лықтан босату жайы, барлық арнайы экономикалық аймақтар­дың тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатысушы­ларына салық­тық жеңілдік берудің сараланған тәсілін енгізу жайы, жеке тұлға­лар­дың кірістері мен мүліктерін жал­пы­ға бірдей дек­ларациялау науқа­ны­ның алғашқы екі кезеңінің өту нә­тижелерін ес­кере отырып, алдағы дек­ларациялау үрдісіне біраз жеңіл­діктер енгізетін нормалар қарас­ты­рыл­ған. Тағы бір мәселе – екінші дең­гейдегі банктердің Ұлттық Банк ноталары бойынша салық салы­на­тын кірісін азайтуға мүмкіндік бере­тін құқығын алып тастау жоспар­лану­да. Мұндай қадам, оларды бос қаражаттары есе­бінен экономи­ка­ның нақты сек­торын, соның ішінде бизнесті кре­диттеуге бағыттайды де­ген сеніммен  жасалып отыр.

Талқылаудың соңы әдеттегідей де­путаттық сауалдарға ұласты. Мә­се­лен, депутат Жанарбек Әшім­жа­нов «АМАNАТ» фракциясының мү­­­шелері атынан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа алдағы 2024 жылы Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны туралы сауал жолдады.

«Бұл айтулы аламан Мемлекет бас­шысының тікелей назарында. Алай­да дүниежүзілік доданы ұйым­дас­тыру жұмыстарының лебі сезіл­мейді. Мәлімет бойынша, үкіметтік дең­гейде комиссия құрылған. Бас­ты сайыстар өтетін нысан ретінде Астана қаласындағы «Астана-Аре­на», «Қазанат» ипподромы, «Жек­пе-жек» сарайы және «Алау» мұз са­райы бекітілген. 8 млрд теңге қа­­рас­­тырылған, бірақ бұл инф­ра­құрылымдарға емес, ұйымдастыру жұмыстарына. Жалпы, спорт пен туризм саласында тұралап тұрған мә­селе көп. Сол үшінде Мемлекет бас­шысы салаға қатысты проб­ле­ма­ларды шешу үшін Туризм және спорт министрлігін құрды. Енді сол жаңа ведомствоның сыналатын ша­ғы. Бұған дейін өткізуге жауапты мем­­лекеттік орган тиісті проце­ду­ра­ларды өз деңгейінде ұйымдастыра алмады. Соның салдарынан қа­ла­лық әкімшілікке инф­рақұры­лым­ды реттеуге бір тиын қаржы бө­лін­беген. Ал Астана қаласы әкімдігі Үкі­мет жаққа жалтақтаумен дәр­мен­­сіздің күйін кешуде. Дүние­жү­зі­лік доданың өтетін мерзімі – 2024 жыл­дың қыркүйегі. Тура 11 ай қал­ды. Алда қылышын сүйретіп қыс ке­леді. Ақтүтек боран, саршұнақ аяз­бен алысып тағы алты ай өтеді. Негізгі шаралар өтетін «Қазанат» ипподромында 10 мың адамға қыз­мет ететін нысан құрылысы жүріп жату керек еді. Өзге де спорттық ны­сандардың күрделі жөндеу жұ­мыс­тары, реконструкция, басқа да жұ­мыстары тоқтап тұр және ат­ша­барға жапсарлас этноауыл жос­пар­ланған. Күні кеше аяқтай барып көр­дік,  өлі тыныштық», – деді ол. Де­путаттың айтуынша, қазірдің өзін­де көшпенділер ойынына қа­тысу­ға 20 спорт түрі бойынша 73 ел өті­ніш берген екен. Осы ретте ол үкі­меттік комиссия ұйымдастыру жұ­мыстарын жеделдету керек дейді. Көш­пенділер ойынын өткізу  Аста­на қаласының ғана емес, бүкіл елдің жауапкершілігі. Сондықтан ұйым­дастыру жұмыстарына өңір­лер­ді жұмылдырып, «Бір өңір – бір ны­сан» принципіне күш салу қажет.

Келесі бар аманаттық депутат Әділ Жұбанов Премьер-минист­рі­нің орынбасары Тамара Дүйсеноваға зейнетақының ең төменгі мөлшер­ле­­­месін ең төменгі жалақымен теңес­­­­тіру туралы ұсыныс жолдаса, Нар­тай Сәрсенғалиев Қазақстанда 3 000 бала шалдыққан микротия жән­е атрезия патологиясына назар ау­дартты. Қарапайым тілмен айт­сақ, елімізде осынша бөбек өмірге құ­лақсыз келген. Депутат бір құлақ­сыз туылған балаларға да мүгедектік беруді, «Қазақстан халқына» қоры ар­қылы балалардың АҚШ-қа бар­уын қамтамассыз етуді, қазақ­стан­дық білікті дәрігерлерді микротия жә­не­ атрезия патологиясын емдеу­дің тәсілдерін меңгеру үшін АҚШ-қа оқуға жедел жіберуді ұсынып отыр. Ал бір топ аманаттық аты­нан Пре­мьер-Министрдің бірін­ші орын­ба­сары Роман Склярға және Ұлттық қауіпсіздік коми­те­тінің Төрағасы Ермек Сағымбаевқа де­путаттық сауал жолдаған Болат Керім­бек қор­ғаныс саласын, оның ішін­де мем­ле­кеттік шекара мәсе­ле­сін қозғады.

«Биыл 16-31 шілде аралығында Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бірнеше де­пу­таты Жетісу және Жамбыл об­лыс­тарындағы шекара заставалары мен бекеттеріне шекара қауіпсіз­ді­гі­нің мәселелерін өз көзімізбен көру үшін барып қайттық. Сол жо­лы шекара инфрақұрылымының ес­кіруі, шекараны қорғаудың тех­ни­калық және байланыс құрал­дары­мен төмен деңгейде қамтылуы сияқты жүйелі проблемалардың бар екендігіне куә болдық, бәрін ішінен көр­дік. Шынымызды айтсақ, жағ­дай мәз емес. Мәселен, қазір заставалардың біразы апаттық жағдайда тұр. Шекарашылар сонау 50-60–жылдары салынған ескі үй­лерде тұрып жатыр. Бүгінде ше­ка­ра­ны жаңғырту бойынша іске асы­рылып жатқан шаралар, бұл мә­се­лелерді толық шеше алмай отыр. Шекараны бекемдеу мақсатында 2006-2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарлама қабылданған. бағдарлама аясында 68 объектінің құрылысы жоспарланған, қаражаты бөлінген. Алайда оның 15-і аяқтал­май қалған. 2017 жылы осы аяқ­тал­май қалған 15 объектіге аудиторлық тек­серу жүргізілді. Олардың 3-і апат­тық жағдайда, ал тоғызының жағ­дайы талапқа сай келмейді. Мұн­дай жауапсыздықты Солтүстік Қа­зақстан облысындағы застава­ла­рын салуда да байқадық. Оған жуыр­да осы өңірге барған ісса­па­ры­мызда көз жеткіздік. Құрылыс ком­паниялары нысанды толық аяқ­тамай жатып, «құрылыс мате­риал­дары қымбаттады» деп, келесі жыл­ға тағы да ақша сұрайды. Осы­лай уақытты созып келеді. Осыдан шекара саласында жауапсыздық пен жемқорлыққа жол берілгенін көре­міз», – деді ол. Жалпы шекара са­ла­ның проблемаларын шешу үшін Президент Әкімшілігі Бас­шы­сының тапсырмасымен 2024-2028 жыл­дарға арналған шекара қауіп­­сіз­дігінің кешенді жоспары әзірлен­ге­нін алға тартқан халық қалаулы­лары бұл мақсатқа 582 млрд теңге қа­жет деп отыр. Оған қоса, мемле­кет­тік шекара инфрақұрылымын да­мыту мәселелері бойынша жол кар­тасы әзірленген екен. Оны іске асы­руға 118 млрд теңге керек. Алай­да мәжілісте қаралып жатқан бюд­жетте шекара саласының мәселесін то­лығымен шешуге сұралып отыр­ған қаражат қарастырылмаған.

«Жоғарыда баяндалғандарды қо­рытындылай келе Үкіметке келе­сі­дей шараларды қабылдауды ұсы­намыз: Қорғаныс саласын және ше­кара қызметін қаржыландыру мә­селесі республикалық бюджетті қалыптастырған кезде ең жоғары басымдыққа ие болуын қамтамасыз ету. Ұлттық қордан арнайы қаржы бөлу мәселесін қарастыру. Қорға­ныс және шекара саласына бөлі­не­тін шығыстарды жалпы ішкі өнім­нің кем дегенде 1 пайызына дейін жет­кізуді заңмен бекіту. Жүйелі әрі ке­шенді жұмысты ұйымдастыру жә­не жоспарлау үшін арнайы Бағ­дарлама қабылдау. Мемлекеттік қауіп­сіздік саласының аса маңыз­ды­лығын ескере отырып, аталған мәселелерді Қауіпсіздік Кеңесінде қарауды жөн деп санаймыз», – деді «AMANAT» партиясы фракция­сы­ның мүшесі Болат Керімбек.

Осы ретте «AMANAT» партиясы са­лалық министрліктердің қара­ма­ғындағы барлық бағытты нақты шо­ғырландыра отырып, еліміздің сауда-азық-түлік-логистикалық хаб­қа айналуы жөніндегі бірыңғай интеграциялық стратегияны қа­лып­тастыруды ұсынып отыр. Со­ның ішінде дамуды және жеке ин­вестицияларды тартуды ын­та­лан­дыру үшін сауда-логистикалық хаб­тар арқылы көтерме сауданы жү­зеге асыруды қамтамасыз ету қа­жет. Инвестициялардың қажетті кө­лемін, басымдықтарды, мем­ле­кеттік қолдау алудың өлшемшарт­тары мен шарттарын айқындап, сау­да-логистикалық хабтарға мем­лекеттік қолдау көрсету де аса маңыз­ды. Осылайша Мәжілістің ке­зекті пленарлық отырысының кө­терген жүгі әдеттегідей салмақты бол­ды. Бұл салмақ ел дамуына қо­сар қарқын мен жүктелер жауап­кер­шіліктен көрініс табуы тиіс. Ал осы­ның барлығы жемісті нәтижесін беруі үшін ең бірінші кезекте салық сая­сатында айқындық керек.

Нұрлан ҚОСАЙ