297 мың адамның 37 миллиард теңге көлемінде проблемалы онлайн шағын несиесі бар.
Бұдан былай "жалақыға дейін" деп берілетін несиелерге тыйым салынуы мүмкін
2,571
оқылды

Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға ресми кірісі болған жағдайда ғана несие беруді ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның мәліметінше, агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушы несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірлеген.

"Қазір мұндай шектеу тек кірісі ең төменгі деңгейдегілерге қатысты. Сонымен қатар жастар арасындағы проблемалы қарыздың өсуі аясында 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру олардың ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асады деген талапты енгізу ұсынылады", – деді ол.

Төрағаның пайымынша, онлайн микронесие сегментінің шамадан тыс өсуін шектеу қажет. Өйткені, 297 мың адамның 37 миллиард теңге көлемінде проблемалы онлайн шағын несиесі бар.

"Мұндай онлайн шағын несиелер немесе "Жалақыға дейін" деп аталатын несиелер қашықтан беріледі. Көбіне қарыз алушының жеке басын сәйкестендірмей және оның төлем қабілетін тексермей-ақ беріледі", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстанда 254 микроқаржы ұйымының 50-і несиені онлайн береді.