Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
5 наурыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с артады.
5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
5-6 наурызда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. 5 наурызда күндіз, 6 наурызда түнде жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.