Әлеуметтік желілердің адам өміріне зиянды екені белгілі. Әсіресе, психикасы бекімеген балалар мен жастардың денсаулығына қауіпті. Осы зиянды әсердің алдын алуға енді бас прокурор кірісті.
Бас прокурор Instagram қожайынын сотқа берді
1,034
оқылды

Ең танымал саналатын Facebook пен Instagram желілерінің қожайыны Meta компаниясын бас прокурор сотқа берді. Компанияға ауыр айыптар тағылды, Мета «алдамшы» әрекетке бару арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды бұзғаны анықталды. Бұл туралы BBC News таратқан ақпаратқа сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. 

Фото 210fz.ru сайтынан алынды

Нью-Йорктің бас прокуроры Летиция Джеймс: «Әлеуметтік медиа компаниялар, соның ішінде Мета, жастардың психикалық денсаулығының дағдарысын туғызды және олар жауапқа тартылуы керек», – дейді. Сондай-ақ прокурор компания 13 жасқа толмаған балалардың деректерін жинап, олардың интернеттегі құпиялығын қорғау туралы заң бойынша өз міндеттемелерін бұзғанын мәлімдеген.

Осындай талап-арызға АҚШ-тың 33 прокуроры қол қойған, тағы 9 штаттың бас прокурорлары да сотқа осындай талап-арыз жолдаған.

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерді пайдалану қаупі туралы қоғамда өтірік мәліметтер таратқан және жастар арасындағы психикалық денсаулығының бұзылуына жауапты деп айыпталуда.

Бұл шағымдар АҚШ-тың ондаған штаттарынан жолданған федералды айыптауларда айтылды. 

Фото weekendo.ru сайтынан алынды

Прокурорлардың шағымдарында компания өз платформаларының «маңызды қауіптерін» жасыра отырып, пайдаланушыларды «тұзаққа түсіру» адамды тәуелді жасайтын әдістерді қолданған.

Meta өкілі компания бас прокурордың «интернетте жасөспірімдерге қауіпсіз және пайдалы қызмет көрсету» талабын дұрыс қабылдайтынын және «жасөспірімдер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін 30-дан астам құралдарды қазірдің өзінде енгізгенін» мәлімдеген.

АҚШ-та Meta және басқа да әлеуметтік медиа компаниялар жүздеген отбасылар мен мектептер тарапынан психикалық денсаулыққа зиян тигізді деп айыпталып, жүздеген сот процестерінде жауап беруде. Бұл әлеуметтік желілерге қарсы басталған ең үлкен қарсылықтардың басталғанын көрсетеді.

Төмендегі видеода цифрлық детокс немесе әлеуметтік желіден бас тарту тәсілдері айтылады. Өте пайдалы 9 минуттық контент:

Ал Марк Цукербергтің компаниясы болса Instagram-ның жастардың психикалық денсаулығына зиянды деген пікірге қарсы болған. «Instagram-ның жасөспірім қыздар үшін «улы» екенін көрсететін зерттеулер дұрыс емес», – дейді Meta-ның вице-президенті және  зерттеу бөлімінің басшысы Пратити Райчоудхури.

Әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізудің жастардың психикалық денсаулығына зиянды әсер ететінін көрсететін көптеген зерттеу бар. Ұлыбританияда Молли Расселдің өлімін зерттеген сот қызметкері оқушы қыз «онлайн контенттің жағымсыз әсерінен» қайтыс болды деген қорытындыға келген.

Америка Құрама Штаттары Метаның зиянды әрекеттерін тоқтатуды және жапа шеккендерге қаржылық шығынды өтеуді талап етуде. Марк Цукербергтің басына бұлт үйіріле бастағандай.

Сарапшылар Метаның дизайн таңдауы мен аудиторияны қызықтыру, өзіне тәуелді ету үшін пайдаланатын әдіс-тәсілдері балалар мен жасөспірімдердің тәуелділікке тез ұрынатын мінезін қолданатынына және олардың денсаулығына кері әсер тигізетініне сенімді.