Коронавирус мамыр айында жойылатыны рас па - маман
Коронавирус мамыр айында жойылатыны рас па - маман
© inform.kz
233
оқылды
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова коронавирус мамыр айында жоғалатыны туралы болжамға пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін бірқатар БАҚ коронавирустың ультрафиолетке төтеп бере алмайтынын, сондықтан мамыр айында толық жоғалатынын жазған еді. »Эпидемиялық жағдай бойынша бұл болжам қисынға келмейді. Сұхбат берген маманның өзі интервьюдың телефонмен жүргізілгенін, сұрақты жаңсақ түсінгенін мойындады. Сондықтан, осындай болжам айтқан. Шын мәнінде, біз де болжамдар жасап отырмыз. Бірақ, сәуірде немесе мамыр айында деп нақты ештеңе айта алмаймыз», - деп жауап берді Л. Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына. Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адам және одан 3110 адам қайтыс болды. Соңғы 48 сағатта Қытайдан тысқары жерде тіркелген 1848 науқастың 80%-ы үш елге тиесілі: Иран, Италия және Оңтүстік Корея.