Атырауда мұнай-газ-химия клас­терін құрудың алғашқы кезеңі бас­талды. Еліміздегі тұңғыш газ-химия кешені осыдан тура бір жыл бұрын ашылған болатын.
Полиэтиленнен де пайда бар
1,217
оқылды

2022 жылы 8 қа­рашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС-на қа­расты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты.

Газ-химия кешені – біздің ел үшін ұзақ күткізген жоба. Өйткені Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына бай жиырма мемлекеттің қатарына кіргені­­мен, мұнай мен газдан алынатын дайын өнімнің 90 пайыздан астамын сырттан импорттап келді. Ендігі қарекет – осы олқылықтың орнын толтыру. 

Атырау қаласынан 35 шақырым қа­­шықтықта орналасқан KPI зауыты «Теңіз» кен орнында өндірілетін шикі­­затты (пропан) сутексіздендіру қондыр­­ғыларында өңдеп, полимерлеу арқылы түйіршіктелген полипропилен өнімін алады. Заманға сай Lummus, Catofin және Novolen технологиялары негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын полипропиленнің на­­рықта ең көп таралған, бағасы арзан 11 түрін шығарады. Зауыттың жылдық қуаты – 500 мың тонна, бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1%-ын құрай­ды. Дүниежүзінде мұндай ірі әрі жаңашыл кешен Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді бес елде ғана бар.

Айта кетейік, полипропилен – құ­­рылыс, машина жасау, медицина, электр техникасы және орама материалдар, кон­тейнерлер, талшықтар, құбырлар, кеңсе жабдықтары, бақша, кеңсе жиһаздары өндірісінде, сондай-ақ тоқыма және та­мақ өнеркәсібінде қолданылатын негізгі шикізат.

Кәсіпорын бүгінде полипропиленнің ПП Н 030, ПП Н 031, ПП Н 120 мар­каларын өндіріп жатыр. Зауыттан шық­­­қан өнім Еуропа елдеріне, Қытай, Түркия және Ресейге экспортталауда.

Сыртқы нарықтан бөлек, бұл өнімге сұраныс өзімізде де жыл сайын көбейіп ке­­леді. Қазақстанда ТКШ, автомобиль жасау, құрылыс, медицина сияқты стра­тегиялық маңызы бар салалар үшін поли­мер бұйымдарын шығаратын 130-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осыған орай соң­ғы бес жылда полимерлерге ішкі сұраныс екі есеге өсіп, қазіргі жылдық қа­­­­­­­­жеттілік шамамен 240 мың тоннаға жеткен. Оның 67 мың тоннасы поли­про­пилен, 173 мың тоннасы полиэтилен на­рығына тиесілі. Сарапшылардың баға­лауы бойынша, Қазақстанда поли­мер­­лер нарығының орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ға жетті, демек KPI зауытының өні­міне деген сұраныс та ұлғая бермек.

Компания 631 адамды жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек, мердігер ком­па­­­­нияларда 1 000-ға жуық адам қыз­мет етеді. Атыраудағы газ-химия кешеніндегі тағы бір ауқымды жоба – полиэтилен өндірісі. Полиэтилен де жоғарыда жазыл­­ған полипропилен секілді шаруа­шылықта кеңінен қолданылатын полимердің түрі. Ол жоғары тығыздықтағы полиэтилен (HDPE) және төмен тығыздықтағы поли­этилен (LDPE) болып бөлінеді. Соңғы жылдары оны жылыжай шаруашылығы, су құбыры, химиялық бұйымдар жасау, орау, қаптау ісінде жаппай қолдана бас­таған. Сол себепті әлемде полиэтилен өндірісі 2018-2022 жылдар аралығында 20,5%-ға артып, жылына 88 млн тоннадан 106 млн тоннаға жетіп отыр. Яғни, өнді­ріс­тің жылдан-жылға өсуі сұраныстың да көбейгенін көрсетеді. Қазақстандағы бірегей зауыттың құрылысы 2024 жылы басталып, 2028 жылы толық аяқталады деп күтілуде. Кә­сіп­­­­орын­ның пе­р­с­­­­пек­­­тива­лық қуа­ты жылына 1,25 млн тонна өнім өнді­руге не­­гізделген. Кәсіп­­орынның 90%-ға жуық өнімі шетелге экспорт­талады деп болжанып отыр. Атал­­ған жобаны жү­зеге асыруға Ресейдің «Си­бур» және Қы­­­тай­­­дың Sinopec компаниялары бірлесе кі­ріскелі отыр. Мемлекет бас­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы 18 ма­­­мырдағы ҚХР-ға мемлекеттік сапары ая­сында «Қаз­­МұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec) Атырау облысындағы полиэтилен жобасын бірлесіп іске асы­­­руға қатысты Қағидаттар туралы келі­сімге қол қойды. Құжат Sinopec-тің жобаға «Сибурмен» қатар тең құқылы серіктес ретінде кіруін көздейді. Осы­лай­ша, «Си­­­бур» компания­­сының жобада­ғы үлесі – 30%, Sinopec-тің үлесі 30% бола­ды. Ал қазақстандық «ҚазМұнайГаз» және KMG PetroChem компаниялары 29,9% және 10,1% үлесін иеленбек. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағ­зұм Мырзағалиевтің ай­туынша, Sino­pec-тің жобаға тең құқылы серіктес ре­тінде кіруі ком­панияның мұнай химия­сы нысан­­­дарын салу бойынша тех­ноло­­гия­лары мен сараптамасын пай­да­лануға, сондай-ақ болашақта Қытай ау­мағында дайын өнімді өткізуді ұйым­дастыруға мүм­кіндік беретін болады. Жо­­­­­баға жұмса­латын қаражат көлемі тех­ни­­калық-эко­но­­­мика­­­­лық негіз­­­демеге орай шамамен 7,7 млрд доллар­ды құрайды. 

Energy moni­tor қо­­­ғамдық қоры­ның жетекшісі Нұрлан Жұмағұлов бола­шақта әлемдегі ең ірі 10 зауыттың қата­­­рынан көрінуі мүмкін бұл жоба бір жағынан күр­делі деп санала­­ты­нын ай­­тады. «Жоба өте қомақты қара­жат­ты қажет еткендіктен, Ресей мен Қы­­­­­­тай­­­­­дың екі алпауыт компа­ниясы инвес­тор ретінде қатысып отыр. Мұндағы басты мәселе – ең алдымен Теңіз кені­­шінде газ бөлу қондырғысын салуы­мыз қажет. Оған шамамен 2 млрд доллар­­дай қаржы керек. Ол инфрақұрылым мә­се­­­лесі болғандық­тан, оны салуға «Қаз­­­МұнайГаз» ұлттық компаниясы жауапты. Осы ин­фрақұ­ры­лымды дайындаған кезде барып аталған екі елдің компаниясы ин­вес­ти­циясын сала бастайды. Үлкен, күр­делі жоба деп тұрғанымның себебі сол», – дейді сарапшы.

2023 жылы 27 қазанда Астанада өткен Energy Trends: Gas & Petrochemicals кон­ференциясында баяндама жасаған KMG PetroChem ЖШС басқарма төраға­­­сының орынбасары Диаз Дияновтың айтуынша, газ бөлу кешені жылына 9,1 млрд текше метр құрғақ газ өңдей алатын болады. «Нәти­жесінде, Қазақстан алынған этан­ды жағудың ор­нына оны жылына 1,6 млн тонна көле­мін­де полиэтилен шығаруға жіберетін болады», – деді Д. Диянов.

Полиэтилен өндіретін зауыт арнайы экономикалық аймақта Теңіз кен ор­нына жақын маңдағы Қарабатанда салынатын болады. Себебі кешен үшін ресурстық база – Теңіз мұнай-газ ке­ніші. «Ендігі міндет – Теңізден Қа­рабатанға дейін 205 ша­қы­рымдық құ­быр тарту. 2027 жылы кеніштен шық­қан пропан осы құбыр арқылы жеткізіле бас­тайды, қазір ол те­мір­жол арқылы цистер­налар­мен тасы­мал­дануда. Жал­пы, Теңіз кені­шінен шы­ғатын газдың құрамында этан­ның мөлшері 14-16% көлемінде. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Жоғарыда айтқан газ бөлетін қондырғы мен құ­­бырды тарту инфрақұрылым мә­селесі болғандықтан, оған отандық ком­­па­ния­лар жауапты», – дейді са­­­рап­шы Нұрлан Жұмағұлов.

Сарапшылар Қазақстанда полипро­пи­лен мен полиэтиленге сұраныс 2030 жыл­ға қарай екі есеге жуық өсіп, жылына 400 мың тоннаға жететінін бол­жайды. Бұл тұрғыда ел Үкіметі полиэти­­леннің пре­­миум түрлерін шығарып, плас­­тик­тердің перспективалы нарығын дамытуға дер кезінде қам жасауда.

Бауыржан БАЗАР