Елімізде жемқорлық қыл­мысы бойынша сотталған азаматтардың тізімі арнайы сайтта жарияланады.
Жемқорлар тізімі арнайы сайтта жарияланады
3,401
оқылды

Мұны БҰҰ аясында Ташкентте өтіп жатқан аймақтық конферен­цияда  Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі бірінші қызмет басшы­сының орынбасары Жігер Байділдин айтты. 

«Қоғамдық бақылауды кү­шейту үшін жемқорлар тізімін жариялау сияқты заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Егер лауазымды тұлға немесе ше­неунікке қатысты сот үкімі шы­ға­тын болса, онда оны уәкі­лет­ті ор­ган реестрге енгізеді. Бұл сайтта жария болады. Кез келген азамат онлайн түрде сол сайтқа кіріп, қан­дай лауазымды тұлға қаншаға, қандай бап бойынша сотталды де­ген сияқты деректер­ді көре ала­ды», – деп түсіндірді Ж.Байділдин.

Ол атап өткендей, парақорлар тізімін жариялау бойынша әуелі заңнамалық актілерді қабылдау қажет. Агенттік дерегінше, бекі­тілуі мүмкін ереже ешкімнің заңды құқығын шектемеуі және Конституцияның талаптарына қайшы болмауы тиіс.

Ведомствоның ресми өкілі Ар­ман Тілеукеновтің айтуынша, бұл жүйе жұмыс берушілер үшін тиім­ді болмақ. Нақты тоқталсақ, қан­дай да бір кандидатты қыз­мет­ке алмас бұрын басшы сол сайтқа кіріп, ол үміткердің жем­қорлық жасаған-жасамағанын біле алады.

Сот үкіміне сай жазасын өтеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне салынған тыйым уақытын өткергеннен кейін реестрде тұр­ған азаматтардың деректері тізім­нен алынып тасталуы мүмкін. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі әзірге бұл талап­тарды пысықтап жатыр.

Фото: arbatmedia.kz