Күдікті – марқұмның күйеуі.
Қостанай облысында полицей әйелдің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды
671
оқылды

«Костанайские новости» басылымының жазуынша, марқұмның өліміне оның күйеуі күдіктеліп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қарашада таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Күдікті – марқұмның күйеуі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда жұмыс істеген. Сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар ажыраспақ болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс істеді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді полиция.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.