Көп ұйықтау адам өмірін қысқартады

АҚШ ғалымдары егеуқұйрыққа тәжірибе жасаған. Оларды тамақтандыру тәртібін өзгертіп, кеміргіштердің бір бөлігі үшін жарықты әдеттегіден 6 сағат бұрын өшірген.

Ғалымдар барлық орган мен жүйенің жағдайы біздің ұйқымызға байланысты екенін дәлелдеді. Ұйқыны демалыс күндері қандыруды жөн көріп, сенбі-жексенбі де түске дейін ұйықтаймыз. Дегенмен дәрігерлер мұның адам өмірін қысқартатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Демалыс күндері ұзақ ұйықтау күн тәртібін бұзып, денсаулыққа кері әсерін тигізетіні белгілі болды. Дәрігер Зухра Павлованың айтуынша, бұл тұжырымға америкалық ғалымдар келген.

 – Мұның бәрі циркадиялық ритмдердің, біздің жақсы және көңілді күйімізге жауап беретін биологиялық сағаттарымыздың жұмысы, – дейді эндокринолог.

АҚШ ғалымдары егеуқұйрыққа тәжірибе жасаған. Оларды тамақтандыру тәртібін өзгертіп, кеміргіштердің бір бөлігі үшін жарықты әдеттегіден 6 сағат бұрын өшірген.

Нәтижесінде, егеуқұйрықтар ұйқы кезінде қан қысымы төмендеп, инсульт қаупі артып, оған қоса өмір сүру ұзақтығы да азайған.

– Осындай жаңалықтан кейін демалыс кезінде әдеттегі күн тәртібін өзгерту керек пе деп тағы 10 рет ойлану керек, – дейді Зухра Павлова.

Мұндай ұйқы тәртібі әйелдің денсаулығына қауіп төндіреді.

Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамның биологиялық сағаты істен шығуы мүмкін. Бұл "домино эффектісін" және ағзадағы маңызды жүйе бұзылуларына алып келеді. Мысалы:

  • ұйқы мәселесі;
  • психикалық денсаулық мәселесі;
  • жүрек аурулары;
  • семіздік;
  • қант диабеті;
  • онкология.

Сонымен ғалымдар адамның ұйықтау уақыты 9 -10 сағаттан аспауы керек деп санайды. Уақытылы ұйықтаған адамның жаны сау, жүйкесі тыныш болады.