Қазақстандық синоптиктер 7-9 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
4,864
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. 

8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар.

Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік пен орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін, шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін жылы болады.

Фото: life09.kz