Екеуі де хабарсыз жоғалып кеткен.
СҚО-да 2 ер адамға іздеу жарияланды
485
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында 40 және 27 жастағы хабарсыз кеткен екі ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Петропавлдық Вячеслав Пономаренко 13 қазаннан бері жоқ.  40 жастағы ер адамды Сенная көшесіндегі жұмысынан шыққаннан соң ешкім көрмеген.

Оның бойы 170 см, арықша келген. Ерекше белгісі – сол қолында екі саусағы жоқ. Сол күні үстінде көк түсті джинсы матадан тігілген күртеше және аяғында қара кроссовки болған.

Ал Виктор Егорьев екі аптадан бері хабарсыз кеткен. 27 жастағы жігіт Есіл ауданы Александровка елді мекенінің маңында кесілген ағашты күзеткен. 25 қазан күні сағат 22.00 шамасында күзетшінің үйшігінен шығып кетіп, оралмаған.

Бойы шамамен 160-165 см шамасында, орта денелі, шашы қоңыр.

Өзімен бірге  Nokia ұялы телефоны болған.

Аталған азаматтарды көрген-білгендер болса, 87476283531, 89266266433 және 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.