Бұған дейін Әли Оқапов өзіне берілген марапатты қайтарып беретінін айтқан болатын.
Әли Оқаповқа берілген марапат өзінде қалады – Аида Балаева
1,526
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповқа берілген «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр елімізде әр адамның еңбегі тиісті деңгейде бағаланатынын атап өтті.

«Қазақстанда өзге салада еңбек ететін еңбек адамдарына да берілді. Бірақ олардың алғаны назардан тыс қалды. Бұл жақсы тенденция емес. Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейттен кейін мемлекеттік награданы қайтарып беремін деп эмоцияға берілді. Шығармашылық адамы болғаннан кейін жағдайды эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Өзі айтты: «Аида Ғалымқызы, шынымен де бәрі жан-жақтан талаған кезде, менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырып жатқаннан кейін шыдамадым», – деді. Қазір еш мәселе жоқ, бәрі дұрыс. Берілген орден өзінде қалады», – деді министр.