АҚШ-тың Мичиган университетінің магистрі
272
оқылды
АҚШ-тың Мичиган университетінің магистрі, студенттік Spartan Newsroom ақпараттық порталының тілшісі Жолдас Өрісбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті студенттеріне он-лайн режимде шеберлік сағатын өткізді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде «Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған Жолдас  ағылшын әдебиеті мен қазақ фольклорын салыстырып, зерттеу жазған. Ол Алматыдағы алғашқы қазақ тілінің онлайн корпусын құруға септігін тигізген.   Massaget.kz және 7kun.kz порталдарsyда еңбек етті.  Журналистикаға ден қойған ол PR саласында да, квазимемлекеттік медиа секторында да аздап тәжірибе жинаған.  2017 жылдан бері informburo.kz ақпараттық порталында еңбек етіп келеді.  Оқудан бос уақытында Solutions Journalism бағытында зерттеу жүргізіп, одан алған тәжірибесі мен білімін Қазақстанға алып келуді жоспарлап отыр. Мұхиттың арғы жағынан қосылған спикер тілшінің дамуында редакцияның алар орны үлкен екенін айтты. Informburo.kz сайтындағы тәжірибесімен қатар бірқатар зерттеу мақалаларымен бөлісті. Журналистің 34 отандасымызды алдап, жарты миллион АҚШ долларын жымқырған қазақстандық алаяқ жайлы зерттеу мақаласын сараптап көрсетті. Америкалық университетте журналистік принциптерді тереңінен зерттеуде алған теориялық білімі мен медиа нарықты тану үшін практикалық дәрістер туралы әңгімелеген ол Spartan Newsroom ақпараттық порталындағы тілшілік өмірі туралы пікір алмасты. АҚШ-тың Детройт қаласындағы экономикалық әрі әлеуметтік дағдарыс жайлы деректі фильмінің түсірілімі де студенттерге танымдық кейс болды.

Гүлмира Сұлтанбаева