«Қазгидрометтің» хабралауынша, бейсенбі күні елімізде қар, кейбір аймақта жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, желдің екпіні күшейеді.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және шығыста күн райы ашық болады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.