Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік көп. Бүгінде қоғам мүгедектігі бар жандарды өзгелермен тең дәрежеде, өзін қоршаған ортада еркін өмір сүруіне қажетті жағдай жасауға мейлінше тырысып жатыр. Олардың сапалы жұмыспен қамтылуына Астана қаласында да айрықша басымдық беріліп келеді.
Жарымжан жандарға жайлы өмір
661
оқылды

Астана қаласы «Мансап» ор­та­лығының басшысы Бағила Сай­­лаубекқызының айтуынша, қазір халықтың әлеуметтік осал топ­тарын жұмыспен қамту және қо­­ғамдық өмірге тарту бағытында ат­­қарылып жатқан жұмыстар аз емес. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау комите­тінің деректері бойынша Астана қаласында еңбекке қабілетті жастағы мүге­дектігі бар 11 860 адам тіркелген. «Биылғы жыл­­­дың басынан бері 1 951 мү­гедек Халықты жұ­мыспен қамту орталығының кө­ме­­­гіне жүгінді. 1 254 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 261 адам тұрақты жұмысқа тұрса, қоғамдық жұ­­мыстарға – 332 адам, «Жастар тәжірибесі» арқылы – 31 адам, әлеу­меттік жұмыс орындарына – 8 адам және алғашқы жұмыс орны бойынша 10 адам жұмыс істей­ді», – деді Б.Сайлаубекқызы. 

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа дайындайтын орталықтар бар. Соның бірі –  «Dos» Тәуелсіз өмір» орталығы мү­гедектігі бар жандарға білім бе­­румен қатар оларды жұмыспен де қамтиды. 2006 жылы ашылған орталық ерекше қажеттілігі бар жандардың белсенді өмір салтына оралуына және өз күш-жігеріне сенім ұялатуға жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Тағ­дыр тәлкегіне түскен жандарға бағыт-бағдар берген дұрыс. Бұл туралы «Dos» Тәуелсіз өмір» орталығының ди­­рек­­­торы Ардақ Отарбаев алдымен олар қоғамда өзін-өзі ұстауды үйрену керегін айтты.

– Қазір мүгедектігі бар адам­дардың көбі үйден шықпай, көп­шілікпен араласа алмайды. Біз сон­дай жандармен жұмыс істей­міз. Көп жағдайда топпен барып, жалғыздыққа үйренген ерекше жан­дарды қоғамға бейімдейміз. Арбаға таңыл­ғандар өзін қо­­ғамнан тыс қалдық деп санап, жұмыс істеу мен білім алу маңызды емес деп ойлайды. Олар тіпті жоғары білі­мі болса да, жұмысқа қабылда­майды деп өзін шектейді. Біздің ортамызға келіп жұмыс істей ала­тынын, білім барлық адамға қол­­жетімді екенін ұғады. Мұндай ойлармен шек­телмес үшін біз Dos ortopedia ұйымын құрдық. Ұйым­да 21 мү­гедектігі бар қыз­мет­кер бар. Олардың 19-ы – арба­ға та­ңыл­­ғандар. Бұлар орталық ашыл­ғаннан бері жұмыс бабын­да, – деді ол.

Орталықта мүгедектігі бар адам­­­­дардың эмоционалды, әлеу­меттік, физикалық және интел­лектуалдық әлеуетін дамыту және жұмысқа орналастыруға жәрдем­десу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ұйым басшы­сының айтуынша, қазір орта­­лықта мүгедектігі бар адам­дар да өздері­не қажетті жұмыспен ай­налысады. 

Біріншіден, Dos-Art бөлімінде өнерпаздардың бойындағы та­лан­тын оятып, шабытын одан әрі қамшылайтын білікті маман­дар жұмыс істейді. Осындай маман ие­лерінің шәкірттері ай­мақта, республика көлемінде бо­латын мерекелік іс-шараларда өнер көр­сетіп, түрлі жарыс жо­­бала­рында жеңіс тұғырынан кө­рініп жүр. Одан бөлек, қыз­дар­ға арнал­ған тоқыма тоқу, сурет салу, саз бал­шықтан мүсін жасау ше­­берлік са­ғаттары ұйымдас­тыры­лады. Со­ның негізінде жұ­мыс істегісі кел­­­­­­­гендердің әр­қай­сысы бүгін өз ісінің маманына айнал­­ған. Со­ның арқасында, мүмкінші­лігінің шек­теу­лігіне қарамастан, қоғамға пайдалы болғысы ке­летін, жұмыс істеуге қабілетті жан­дар бос уа­қытта өзіне ұнайтын шаруа­мен айна­лысып, нәпақа табуға мүм­кіндік алған. 

Екіншіден, орталықта мүге­дектігі бар адамдар үшін цифрлық сауаттылық мамандары белсенді  қызмет атқарып келеді. Ор­та­лық­та 16 жас пен 50 жасқа де­йінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар са­бақ алады, қатыса алмаған жағ­дайда оларға қашықтықтан білім алу мүмкіндігі қарастырылған. За­ман көшінен қалыс қалмау үшін ІТ саласын үйренгендер қо­ғамда өзін еркін сезініп, бас­қа­лармен тең дәрежеде өмір сүру мүмкін­­дігіне ие болып отыр.

Үшіншіден, орталық қыз­мет­керлері мүгедектігі бар жан­дар­дың қажеттілігін қана­­­ғат­тандыра ала­тындай арбалар жа­саумен айна­­­лысады. «Мүге­дектерге ар­налған арбаны сезін­ген адам ғана істей алады» деген маман жас балалар мен ере­сектерге ұсы­на­тын арба­лардың арасында айтар­лықтай айыр­­машылық бар, сон­дықтан тап­сырыс алатын кезде алдын ала міндетті түрде тап­сырыс беруші­нің өлшемін ала­тынын айтты.

– Елде ерекше жандарға қа­жетті арбаларды өндіруді жолға қойдық. Бұл арбалардың ерек­шелігі – адам бойының ұзындығы мен салмағына қарай ыңғайлы. Адамның дене тұрпатының өл­шемімен жасалған арба еркін қоз­ғалуға мүмкіндік береді. Арба­да ұзақ отыратын адамдардың қан айналымы нашарлайтыны бел­гілі. Ондай жағдайда ыңғайсыз отыру да ішкі ағзаларға кері әсер етеді. Сондықтан арба адамға жайлы болғаны дұрыс, – деді ол.

Орталықтың көздегені — ма­те­­риалдық тәуелсіздік және ең ма­ңыздысы – қоғамда өз орнын табу. 

«Dos» Тәуелсіз өмір» орталығы өмірдің қиын­­дығына тап болып, мүмкіндігі шектелген адамдарға шектеусіз өмір сүрудің жайын ұғын­­дырып, оларды ұдайы қол­дап келеді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ