Талдықорғандағы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғандағы оқиға: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
Фото: Жетісу облыстық ПБ сайтынан
845
оқылды

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

"Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң – бәріне ортақ", – деді министр Ержан Саденов.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.

Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.