Бюджеттік қаражатты жұмсау сұрағы қадағалау органының бақылауында.
СҚО-да шенеуніктер негізсіз 4,3 миллиард теңгені жұмсамақ болған
tengrinews.kz
464
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады,  деп хабарлайды Аikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.


Мысалы, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР заңдарының талаптарын бұзғаны анықталды. Олардың 2,5 млрд теңгеге көппәтерлі тұрғын үй салынуы керек жерге құжаты болмай шыққан.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген. Ең қызығы, бұл ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына сай  келмейді.

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылды.  Салдарынан 19 мемлекеттік сатып алу бұзылып, 4,3 млрд теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды.