Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін «Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті» атты конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтамақ.
– Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында.