«Күн суық, тамақ таусылды, балалар аш» – Грекия – Түркия шекарасындағы полиция мен мигранттар қақтығысы
«Күн суық, тамақ таусылды, балалар аш» – Грекия – Түркия шекарасындағы полиция мен мигранттар қақтығысы
Фото: Интернеттен алынды
448
оқылды
Грекия мен Түркия шекарасында полиция мен мигранттар арасында тағы да қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды, – деп жазады 24.kz. Тәртіпсіздік босқындардың шекарадан заңсыз өтуге талпынысынан басталды. Тәртіп сақшылары мигранттарды тоқтату үшін көзді жасаурататын газ қолданды. Дереккөз ақпан айының соңынан бері Грекияның бірнеше шекара бекетінің маңында мыңдаған мигрант жиналғанын айтады. Түркияның Эдирне провинциясында да осындай жағдай. Миграциялық дағдарысқа Сирияның Идлиб аймағындағы ахуал түрткі болды. Оған себеп, Анкара Сириядағы қарулы қақтығысқа байланысты өз аумағындағы мигранттардың Еуропаға өтуіне кедергі жоқ екенін мәлімдеген. Ауғанстандық мигрант Йалда Юсуфи: «Мақсатымыз – Грекияға өту. Мұнда тұрғанымызға 2 күн болды. Күн суық, тамақ таусылды. Балалар аш. Шекарадан өтейік десек, грек полициясы мигранттарды күштеп кері қайтарып жатыр», – деді.