Анасы қызын өз қолымен өлтіргенін мойындады.
Анасы өлтірген: жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды
2,063
оқылды

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері болған оқиғаны растады.

«Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.

Айта кетейік, Милана 17 қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. Осы күні кешкісін сағат 9:00 шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.