2018 жылға дейін 20 жыл Кемерово облысын басқарған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте желісіндегі парақшасы арқылы жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Ғұмырұлы Төлеев өмірден өтті. Ол бар ғұмырын Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше адам. Бұл – орны толмас қаза. Біздің аймақтың тұтас дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір теміржолындағы қозғалысты бөгеп, рельсте отырған қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты», – деп жазды ол.