Сот санкциясымен күдікті қамауда отыр.
Ақтауда білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Фото: gov.kz
1,482
оқылды

Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын анықтады.

Жүргізілген жедел тергеу нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкере болды.

Ол аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тамақтандыру қызметін көрсету бойынша жасалған шарт шеңберінде орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Қазір соттың санкциясымен күдікті қамауда отыр. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.