Өткен жылы Қазақстан де­мократиялық құнды­лық­тарға не­гіз­делген Жаңа Республика құру жолына түсті.
Рационалды демократия
1,466
оқылды

Президент саяси реформаларының философиясы

«Күшті Президент – ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкімет» фор­муласы саяси жаңғырудың өзе­­­гіне айналды. 

Бұл формула әлемнің озық де­мок­ратиялық елдерінде қалып­тас­қан классикалық checks and balan­ces, яғни билік тармақтары ара­сын­дағы тепе-теңдік және тежеу жүйе­сін құруға мүмкіндік береді.

Саяси реформалар топтама­лары мен Президенттің 2022 жыл­ғы 16 наурыздағы Жолдауы елі­міз­дегі ауқымды әрі жүйелі өзге­ріс­тер­дің іргетасы болды. 

Жаңа саяси мәдениеттің қа­лып­тасуына негіз болған, демок­ра­­­тиялық институттың бір бағыты бо­лып табылатын, жалпыхалықтық референдум арқылы фундамен­тал­ды конституциялық реформа жү­зе­ге асырылды.

Демократиялық реформалар легитимділікке және халықтың көпшілігінің қолдауына ие болды. 

Нәтижесінде, Қазақстан су­пер­­президенттік модельден ық­пал­ды Парламенті бар клас­си­калық Президенттік республикаға көшті.

Septennat, яғни президенттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеу және пропорционалды-мажори­тар­лық, аралас сайлау жүйесінің ен­­гізілуі еліміздегі биліктің негізгі тар­мақтарын демократиялан­дыр­ды. 

Осылайша, Қазақстан жаңа сая­си дәуірге қадам басты.

Бұған дейін биік мінберлерден хал­қымыздың әлі де демократияға дайын еместігі және өзіміздің «ерекше жолымыз» бар екендігі туралы сөздер жиі айтылатын. 

Алайда төл тарихымызға үңілер болсақ, демократияның Ұлы дала им­периялары мен мемлекеттерінің саяси басқару жүйесінің ажырамас бір бөлігі болғанын көруге болады.

Дала демократиясының дәс­түр­лері сақтардың мемлекет­те­рі­н­де, ғұндардың империяларында жә­не түркілердің қағанаттары тұ­сын­да қалыптасып, кеңінен қанат жай­ды. 

Бұл дәстүрлер одан әрі Жошы Ұлы­сында, Қазақ хандығында жал­­­ғасын тапты. 

Егер еуропалық абсолютті мо­нар­хияларда билік әкеден балаға ми­рас болып қалса, Ұлы дала қа­ған­­дары мен хандары халықтық Құрылтайда сайланған.

Дала және Батыс Еуропа де­мок­ратияларының синтезі ХХ ға­сыр­дың басында қазақтың бірінші рес­публикасы – Алаш Орда да ес­керілген болатын. Сол кезде елі­міз­дің тарихындағы тұңғыш Үкі­мет басшысы Әлихан Бөкейхан ба­ламалы таңдау, яғни демок­ра­тия­лық негізде сайланды. 

«Қазақ» сөзі көне түркі тілінен ау­дарғанда «азат, еркін, тәуелсіз адам» деген мағына береді. 

Ал егер мемлекетіміздің атын сөз­­бе-сөз аударсақ, «Қа­зақ­стан – ер­­кін адамдардың елі» бо­лып шы­ғады. 

Қазақ халқы әуел бастан азат­тық пен тәуелсіздікті аңсаған. Ке­не­­сары хан көтерілісі мен 1986 жыл­ғы Желтоқсан оқиғасы – осы жол­дағы күрестің айқын символы.

Демек, демократия қазақтың сан ғасырлық саяси мәдениетінің және ұлтымыздың генетикалық кодының бір бөлігі екендігі айдан анық. 

Ғасырлар бойы қалыптасқан өзін­дік демократиялық тәжіри­бе­міз Жаңа Республиканы құрудың тарихи негізіне айналуда.  

Қазір алдыңғы қатарлы мемле­кет­терде демократиялық басқару фор­­масының өзіндік концеп­ция­лары қалыптасса, кейбір елдер әлі де ізденіс үстінде. 

Америка Құрама Штаттарында, Еуропа елдерінде, Аустралия мен Канадада классикалық либералдық (liberal democracy) немесе батыс­тық демократия үлгісі қалыптасты.

Бауырлас Түркия Республи­ка­сы консервативтік демократия (muhafazakâr demokrasi) тұжы­рым­дамасын жариялады. Бұл жерде ис­лам дәстүрлері мен батыстық тү­­­сініктегі демократияның қосын­ды­сын байқауға болады.

Көршілес Ресейде екінші мың­жыл­дықтың алғашқы жылдарында ег­е­менді демократия (суверенная де­­мократия) тұжырымдамасы ұсы­нылды.

Аталған тұжырымдамалар бі­рін­ші кезекте бұл мемлекеттердің сая­си тарихы мен мәдениетіне, со­нымен қатар идеологиялық құн­дылықтарына сай қалыптасты.

Осы ретте, «біз, Қазақ мемле­ке­ті қандай демократия құрып жа­тырмыз?» деген заңды сұрақ туын­дайды.

Ол үшін ең алдымен Пре­зи­дент­­тің саяси реформаларының мә­ні мен философиясын терең тү­­­­сін­ген жөн.

Бірінші – саяси стиль.

Нақты реформаларды ұсынбас бұ­­рын Мемлекет басшысы өз баян­­дамалары арқылы қоғамға әр­­түрлі бағыттар бойынша мес­седж­дер жолдайды. Кейін бұл ұсы­ныстар түрлі алаңдарда қызу тал­қыға түседі. Нәтижесінде, халық­тың басым көпшілігі нені қалай­ты­нын анықтауға мүмкіндік бере­тін түрлі идеялардың ортақ шешімі қалыптасады.

Екінші – тарихи мұра.

Жоғарыда көрсетілгендей, Пре­­зидент қазақ халқының мың­жыл­дық демократиялық дәстүр­ле­рін үнемі назарда ұстайды. Оның жар­қын көрінісі Ұлттық құрыл­тай­дың қайта жаңғыруы болып табы­ла­ды.

Үшінші – шешім қабылдау.

Мемлекет басшысының де­мок­ратиялық бастамалары әрқа­шан салмақты және жан-жақты са­ралануымен ерекшеленеді. Яғ­ни, келісіп пішілген тон келте бол­мас деген бабалар ұстанымы ай­қын көрініс береді. Ал заманауи сая­си тілмен айтсақ, цент­ризм ұстаны­мын көруге бо­лады. 

Төртінші – жеке тәжірибе.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 

му­ль­тилингвизмі мен халықара-лық тә­жірибесі оған ішкі және сыртқы сая­си процестерге сыни ойлау приз­масы арқылы қарауға көмек­теседі.

Жоғарыда айтылғандарды қо­ры­тындылай келе, Президент жауап­­ты шешім қабылдаған кезде на­ғыз мемлекетшіл тұлғаға тән па­­расаттылыққа сүйенетіндігін көре­­міз. 

Басқаша айтқанда, саяси ше­шім­дерді қалыптастырғанда са­налы, яғни рационалды қадамдар жасайтынын көруге болады.

Демек, Қазақстанда демокра­тия­ның өзіндік үлгісі – рационалды де­мократия қалыптасып келе жат­қанын айта аламыз.

Рационалды демократия – Пре­зиденттің саяси реформалар фи­лософиясының фундаменталды б­а­зисі.

Көріп отырғанымыздай, ұсы­ныл­ған жаңа демократиялық тұ­жы­рымдама әлемдік саясаттануда қазақстандық ноу-хауға айналуына толық негіз бар.

Қазір ТМД елдерінде «рацио­нал­ды демократия» тіркесі саясат­та­ну термині ретінде қолданыл­май­ды. АҚШ пен Батыс елдерінде бұл атаумен түрлі зерттеулер жа­рық­қа шыққан, бірақ ол еңбектерде бұл тіркес жалпы қабылданған сая­саттану термині немесе нақты ұғым ретінде қолданылмайды.

Нәтижесінде, Қазақстанның қа­­­лыптасып келе жатқан жаңа сая­си жүйесі «рационалды демок­ра­тия» түсінігін анықтаудың үлгісі не­месе эталоны бола алады.

Бүгінде біз мемлекетіміз үшін та­рихи даму кезеңінде тұрмыз. Қа­зақ елінің болашағы қандай бо­ла­ты­ны қазіргі ұрпақпен тікелей бай­ланысты. 

Төл демократиялық жолы-мыз мем­лекеттілігіміздің ірге­та­сы мен тәуел­сіздігімізді нығайту-ға ба­ғыт­тал­ған дұрыс таңдау екендігі анық. 

Сондықтан біз барлық демок­ра­тиялық жетістіктерімізді нығай­тып, одан әрі дамытуымыз керек. 

Ерлан АХМЕДИ,

саяси сарапшы