Жекеменшік балабақшада заңсыздықтар анықталды.
Наубайхана, тұшпара цехы мен хостел: Ақмолада балабақша ғимаратында өрескел заңсыздық анықталды
753
оқылды

Ақмола облысының Степногор қаласында жекеменшік балабақша ішінде шағын наубайхана, тұшпара және хостел жұмыс істеп келгені анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды талдау кезінде Степногор қаласындағы «Райхан-Ана» балабақшасы ғимаратында «Мясницкие» шағын тұшпара цехының, шағын наубайхананың және хостелдің жұмыс істейтіні белгілі болған. 

Аталған факт балабақшаға баратын балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Өйткені, тұшпара цехы мен наубайхана жұмысшыларының рұқсат құжаттары мен санитарлық кітапшалары да болмай шықты. Мұнымен қоса жұмысшылар, оның ішінде шетелдіктер де бар тұратын жай балалардың топтарына тікелей қолжетімді болған,  деді Ақмола облысы прокуратурасының өкілі. 

Талдау нәтижелері бойынша басқармамен заңсыз берілген қорытынды кері қайтарылған. Степногор қаласы прокуратурасы актісі бойынша осы жылдың 20 қарашасында болған әдеп жөніндегі кеңесте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Н.Абрамовичке қызметіне толық сәйкес келмейтіні жөнінде ескерту беру ұсынылды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы