Әйел әлеуметтік желіде құрсағындағы сәбиін сататыны жөнінде ақпарат жариялаған.
Алматы облысында сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды
633
оқылды

Алматы облысында құрсақтағы cәбиін сатпақ болған 24 жастағы шетелдік әйел ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің азаматшасын ұстаған.

Әйел әлеуметтік желіде құрсағындағы жеті айлық баласын сататыны туралы хабарландыру жариялаған.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалып, тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», – деді Бауыржан Әленов.

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған әйел аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.