Осы бағдарламада Мемлекет басшысы республиканың жаңа тарихи кезеңдегі дамуының негізгі бағыттарын белгіледі. Атап айтқанда, құжатта экономикадағы, әлеуметтік саладағы және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер жөніндегі жоспарлар көрсетілген. Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударды. Мәселен, соның аясында осы жылы Ақмола облысына 116 дәрігер мен 140 орта деңгейдегі медицина қызметкері тартылды. Жыл сайынғы скрининг жүргізу бойынша жоспарлы көрсеткіш орындалды. Бүгінде Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінде 8,7 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді.
2023 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша дәрігерлердің тапшылығы 54 дәрігерге (22%) төмендеді, нәтижесінде Ақмола облысында дәрігер кадрлардың тапшылығы – 190 (ауыл – 49, қала – 125) маманды құрайды. Медициналық кадрларды ынталандыру мақсатында биыл ауылдық өңірлерге келген 59 медицина қызметкеріне медициналық ұйымнан тұрғын үй және көтерме төлемдер бөлінді. Қалаға келген 31 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін дәрігерлердің жалақысын жыл сайын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Қашықтағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көліктік медицина ұйымдастырылды. Облыста 11 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы диагностикалық қызметтер кеңейтуін және заманауи цифрлық шешімдерді пайдалануды қоса алғанда, телемедициналық қызметтер көрсету жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Телемедицинаның енгізілуімен қашықтағы аудандар мен ауылдардың тұрғындарына облыстық және республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардың мамандары ұсынатын білікті медициналық көмек қолжетімді болды. 2023 жылдың 10 айында 797 консультация өткізілді, оның ішінде 130-ы бейне режимінде. 2023 жылда 109 бірлік медициналық техниканы сатып алу үшін 5,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 5 компьютерлік томография аппараты, 1,3 млрд теңгеге 2 ангиографиялық қондырғы бар.
Президенттің Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы сайлауалды бағдарламасы бүгінде сәтті жүзеге асып келеді. Елдің дамуы үшін бағытталған бастамаларының бірі ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыратын «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Біржан сал ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруда несиелік комитет 60 млн 520 мың теңге сомасына 15 өтінімді мақұлдап, 13 өтінімге 58 млн 520 мың теңгеге несие берілді. Бұл жаңа 13 кәсіпкерлік іс ашуына ықпал етті және жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама аясында жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жобаны іске асыруға бюджеттік кредит-тер берілетін болады. Жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылға дейін жалғасады.
Нұрлан ҚОСАЙ