Астанада шетелдік азаматты алдап соққан такси жүргізушісі ұсталды.
Такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге алып барған
1,240
оқылды

22 қарашада 102 арнасына «Дипломат» қонақүйінің әкімшісінен хабар түсті,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын айтқан.

Іздеу шараларын өткізу барысында Көліктегі  полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады.

Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген.

Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.