Елімізде қаржылық сауат­тылық қай деңгейде? Жалпы, халқымыз­дың қаржы ұстау, оны жұмсау мә­де­ниеті қалып­тасқан ба? Әлде, әлі күн­ге дейін алаяқ­тарға жем болу дең­гейі жоғары ма?
Қаржылық сауатыңыз қандай?
801
оқылды

Алаяққа алданып жүрген жоқсыз ба?

Статистикалық де­­­ректерге сүйенсек, Қаржы нарығын рет­­­­теу және дамыту агенттігі елдегі қар­­­­жы­­­лық сауаттылық деңгейі әзірге 40 па­йыз көлемінде екенін көрсеткен. Агент­­­тіктің болжамынша, 2024 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға дейін көтерілмек. Са­рапшылар әр адам өз бюджетін жос­пар­лау аса маңызды деп санайды. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаражатты басқару деңгейі жо­­ғары деген бірқатар өңірді атаған. Олар­дың қатарында Жамбыл, Солтүстік Қазақ­­­­стан, Қостанай, Қызылорда облы­­сы­мен бірге Түркістан облысы да бар. Ал қалған өңірлер деңгейі орташа сана­лыпты. 

Алайда соған қарамастан оңтүстік өңір­де әлі де қаржылық алаяқтарға жем болу дерегі азаймай тұр. Құқық қорғау­­­шылар тұрғындарға алаяқтардан барын­­ша сақ болуды және кез келген ұсынысты қабылдамас бұрын оның мән-жайын то­лық тексеріп алуды ескертудей ескер­тіп-ақ келеді. Мәселен, Түркістан облы­сы аумағында халық көп жиналатын орын­дарда әкімшілікте және оқу орын­дарында қаржылық сауаттылықты арт­­тыру және интернет алаяқтықтан сақта­­­ну мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баннер; лэд экрандар және жа­быстырмалы парақшалар таратылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын байқаймыз. 

Өкінішке қарай, соған қарамастан сала мамандары Түркістан облысында биылғы жылдың 9 айында 360 интернет алаяқтық қылмыс тіркеліп, 139 қыл­­­­­мыстық іс сотқа жолданғанын айтады. Зерделеу барысында тіркелген қылмыс­­тық істердің ішінде 118 онлайн, 112 ин­­­тер­­­­­неттен алдын ала төлем жасап тауар алу түрлері тіркелген. Яғни, тіркелген алаяқтық әрекеттердің барлығы дерлік қара халықтың қаржылық сауаттылы­­ғының төмендігі салдарынан орын алған қылмыстар. 

Алаяқтардан сақ болу тұрғысында тиісті сала органдары «Интернет алаяқ­­тықтардан сақтану үшін Полиция депар­таменті ескереді» тақырыптарында 98 мәлімет 30-дан астам әлеуметтік желі­лерде жарияланып 8 бейнеролик мес­сенд­­жерлер арқылы таратқан. 

Қаржылық алаяқтардың айла-тәсіл­деріне егде жастағы адамдар ғана емес, сонымен қатар жоғары білімі бар және IQ деңгейі жоғары азаматтар да тү­сіп қалып жатады екен. Сондықтан по­ли­­­цейлер мұндай әрекетке баратын­дар­­дың әккі екенін, алаяқтық әрекетті қа­­лай жасау керектігін жақсы меңгерген пси­холог болатынын айтады. «Көбінесе сүйкімді болып келеді, адамға тез ұнап қала­­­­тынымен немесе олардың аяушы­­лығын тудыра білетіндігімен азаматтар­дың сеніміне оңай енеді», – дейді олар. Олар­дың тілі шұрайлы, қай уақытта қандай сөз айту керектігін, қандай ин­­­­­тонациямен сөйлесу қажеттігін және қан­­дай хабарлама жасауға болатынын да жақсы біледі. Айталық, сізге белгілі бір адам қоңырау шалып, атыңыздан кредит ресімделгенін хабарлайды. Әрине, мұн­дай кезде бойыңызды қорқыныш билеп, өзіңізді жоғалтып та қоюыңыз әбден мүм­­­­кін ғой. Міне, осы кезде «қамқор» алаяқ сізге өзінің көмектесе алатынын ай­­тып, дербес деректеріңізді сұрайды. Со­ларды берсеңіз қалғанын банктің өзі реттейтінін мәлімдейді. Сізден жылдам және дәл қазір шешім қабылдауды талап етеді. Әйтпесе, сіз өз мүмкіндігіңізді жі­беріп алатыныңызды да ескертеді. 

Мұндай алаяқтардың құрығына кө­біне зейнеткерлер түсіп қалады екен. Өйт­­кені зейнет жасындағылар мемле­­кеттік органдар мен полицияға көбірек сенім артады. Сондықтан егер оларға өзін осындай орган қызметкері болып таныстырған адам жүгінсе, олар оған кәміл сенеді. Егер де сіз осындай жағ­дай­ға тап болып, күмәндана баста­­саңыз, де­реу полицияға хабарлауыңыз керек. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері сіздің деректеріңізді телефон ақылы сұ­ра­­­майды. Алаяқтар интернет пен IT-тех­нологиялардың дамуымен әккі-ше­­бер бола бастағанын да ұмытпауымыз керек. 

Тәртіп сақшыларының мәлім­­­­деуін­ше, алаяқтар тұрғындарға ұялы телефо­нына қоңырау шалып, өздерін банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының қыз­­меткерлеріміз деп көрсетеді. Қоңы­­рау шалатын алаяқтар қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмір­­лерінің көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін SIP телефония сияқты бағдар­ламалық құралды пайдаланады екен. Әңгімелесу кезінде олар сіздің картаңыз­дан ақшаны шығару әрекеті туралы ха­бар­лайды және сізден жеке кабине­­­тіңіз­дегі құпия сөзді өзгертуді, жаңа пароль мен SMS кодын ұсынуды сұрай­ды. Алаяқ­­тар, тіпті мәселені жылдам шешу  гаджетіңізге қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін ұсына алады. Мұны істеу үшін олар AnyDesk және TeamViewer қолданбаларын жүктеп алуды сұрайды. Есептік жазбаларыңызға қол жет­­кізген алаяқтар барлық ақшаны алып, тіпті сіздің атыңыздан несие ала алады.

Сондықтан егер сізге банк қызмет­­кер­­­лері қоңырау шалса, сөйлесуді дереу аяқтаңыз. Есіңізде болсын, нақты банк қызметкері сіздің жеке деректеріңізді нақ­тылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды. Банкте сіздің толық қаржы­­лық файлыңыз бар. Бұл ақпарат тек алаяқ­­тар үшін маңызды екенін ұмыт­паңыз. 

Шабуыл жасаушылар қарапайым адам­дардың психологиясын жақсы мең­герген. Олар тез және сенімді сөйлейді. Кәсіби терминдерді қолданады. Сізді шешім қабылдауға асықтырады. Қажет жерінде қорқытады. Сондықтан барын­­­ша сақ болу керек-ақ. 

Өңір полицейлері Түркістан облысы бойынша, Дін басқармасымен бірлесе отырып, әр аптаның жұма күндері мешіт және медреселерде, ал Мәдениет және туризм басқармасымен бірлесе отырып әрбір мәдени іс-шаралардың барысында «Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыз­­дар» тақырыбында ескертпе жұмыстарын жүргізіп келеді. Жоғарыда келтірілген нақты статистикалық деректердің өзі өңір полицейлері алаяқтық қылмыспен күрес жұмыстарын барынша күшейт­­­­­кенін көрсетеді. 

Түркістан қалалық Полиция басқар­­­масының тәртіп сақшылары «Мемлекет тарапынан қайтарымсыз негізде бері­­ле­­тін грантты алып беремін» деп алаяқ­тық әрекетін жасаған әйелді анықтаған. Атал­­­ған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Бүгінде тұрғындар арасында дәл осындай жандардың құрығына түсіп қалу дерегі жиі кездеседі. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы