Жобаны сапалы іске асыру мақсатында негізгі басымдық өндірістік жобаларға берілуде. Бұл ретте, жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын, атап айтқанда шағын цехтар, жылыжай өндірісі, омарта, балық және құс шаруашылығын дамытуға бағытталуда. Осының нәтижесінде, 636 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір жоба бойынша қаржыландыру бағыттары анықталып, барлық ауылдық елді мекендерде халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағдарлама өңдеу, егін коорперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығы және басқа да бағыттағы бизнес жобаларға арналған. Бүгінде 2,5 млрд теңгелік 342 жобаның құжаттарын несие комитеті мақұлдады. Ал 142 жоба бойынша қарастырылған несие 18 коорператив пен 124 жеке кәсіпкерге берілді. Осының нәтижесінде 288 жұмыс орны ашылмақ.
Жоба аясында алғашқылардың бірі болып несие алып, кәсібін бастап кеткендер де бар. Солардың бірі – Сырдария ауданы, Бесарық ауданындағы «Сыр құсы» шаруа қожалығы. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 27,6 млн теңге жеңілдетілген несие алған жергілікті кәсіпкер құс өсіру ісін қолға алған. Қазір Жамбыл облысынан 3 000 балапан әкеліп, екі шағын цехта өсіріп отыр. Негізгі мақсаты – Сыр халқын тауық етімен қамтамасыз ету. «Сыр құсы» өкілдерінің айтуынша, шөжелер ет бағытына арналған. Қысқа мерзімде 1,5-2 келі ет береді, яғни 30-55 күн жақсылап бағып, союға болады екен.
Нұрлан ҚОСАЙ