Астанада көше ортасында ішінде адам отырған жеңіл көлік өртеніп кетті. Салдарынан жүргізуші көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды.
«Жүргеновте көлік жанып кетті. ...Осы кезде көлік ішінде адам болды. Кейін оны шығарып алып, жедел жәрдеммен алып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген видео жазбасында.