Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Фото: zakon.kz
1,381
оқылды

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 5 желтоқсанда 0-11-сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Aikyn.kz Астана қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.