Павлодар қаласының еріктілері де іздестіру үшін Екібастұзға барды.
Екібастұзда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: polisia.kz
968
оқылды

Екібастұз қаласында ер адам үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр,  деп хабарлайды  Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Балтажан Борашайұлы бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыс істейді.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, жоғалған ер адамның қызы жылап, еріктілерге  әкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған. 

– Ер адам 2 желтоқсанда таңғы сағат 5.30-да жұмыс алдында серуендегісі келетінін айтып, үйден шығып кеткен. Дегенмен жұмыста  болмаған,  үйден ұялы телефоны мен басқа да құнды заттары табылды, – дейді еріктілер. 

Балтажан Борашайұлы ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, бір жылдан астам тұрақты жұмыста істейді.

Poiskoviki_ekibas_vita еріктілері жоғалған адамды іздеуге шыққан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталған. Таңертеңнен бастап іздестіру жалғасуда. Сонымен қатар Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан. 

Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат  болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды  сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Самал).