Қалалық ПД жаяу жүргіншілерге де сақ болуды ескертеді.
Астанада бір түнде 63 жол апаты тіркелді
565
оқылды

Ауа райының қолайсыздығынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00-ден 5 желтоқсан таңғы сағат 07.00 аралығында Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған,   деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама жоқ.

Полицейлер жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

«Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет», –  деп ескертті Астана қаласының Полиция департаменті.