Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда екінші ауысымдағы оқушылар да онлайн режимде оқытуға көшірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Таңертең астаналық Білім басқармасы 5 желтоқсанда күн райының нашарлауына байланысты «0-11-сынып оқушылары мен колледждің бірінші ауысымындағы студенттері қашықтан оқыту форматына көшіп жатқанын» хабарлаған болатын.
Кейін ведомство екінші ауысымдағы оқушылардың да қашықтан оқытуға көшірілгенін хабарлады.
«2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі», – деді Астана қаласының Білім басқармасы.