Димаш Уханьдағы тыңдармандарына үндеу жасады
Димаш Уханьдағы тыңдармандарына үндеу жасады
© сурет интернеттен алынды
162
оқылды
Танымал әнші Димаш Құдайберген Уханьдағы тыңдармандарына үндеу жасады. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды. Әнші Weibo әлеуметтік желісіндегі дәрігерлердің Dimash және Dears деп жазылған ақ халатта жүрген суреттерін көргенін айтады.
"Қазір Уханда адамдарды коронавирустан құтқарып жатқан Dears дәрігерлерінің суреттерін көрдім. Таяуда барлығы аяқталады деп сенемін. Сақ болыңыздар", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирус жұқтырғандар саны - 80 422 адам (бір тәулікте 120). 2984 адам қайтыс болған (бір тәулікте 38). Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 93 090 адамға (бір тәулікте 2223) жетті.