9 жасар бала тірідей жанып кете жаздады
9 жасар бала тірідей жанып кете жаздады
© inform.kz
227
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында сіріңкемен ойнап отырған балалар өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. Оқиға 4 наурыз күні Құндызды ауылында болған. Балалар үйде қараусыз қалдырылған. 3 жасар бала шырпымен ойнап отырып, оның жалыны 9 жастағы әпкесінің жемпіріне тиген. 2011 жылы туған қыз Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған. «Ауылға ең жақын өрт сөндіру бекеті 70 шақырымдай жерде. Әр минуттың маңыздылығын ескерген өрт сөндірушілер ауыл әкімдігіне қоңырау шалып, аталған мекенжайға баруды сұрады. Олар лезде полиция қызметкерлерімен бірге сол үйге жеткен. 9 жасар Тоғжан қызыл жалын шарпыған күртесін шелектегі сумен сөндіріпті. Арқасын күйік шалған қыз Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.