Мектепте 8 наурызға ата-аналардан заңсыз ақша жинаған
Мектепте 8 наурызға ата-аналардан заңсыз ақша жинаған
© 2gis.kz
449
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде ата-аналар 8 наурыз күні мерекесіне орай мұғалімдерге сыйлықтар үшін ақша жинаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен білім басқармасы тексерісінен кейін ақша жинау тоқтатылды, - деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін, 5 наурызда елорданың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы айтылды.
Таяуда елордалық №68 мектепте заңсыз ақша жиналып жатқаны туралы бізге мәлімет келіп түсті. Дереккөзге сүйенсек, ата-аналар комитеттері 8 наурызға мұғалімдерге сыйлық және қуыршақ театрына билеттер алу үшін ақша жинаған, - деді департамент жетекшісінің бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер білім басқармасы қызметкерлерімен бірге тексеру жүргізіп, мектеп басшылығы ақша жинауды тоқтату үшін шаралар қабылдады. Нәтижесінде олар ақша жинауды тоқтатты.
Алдағы мерекелерді ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қандай-да бір материалдық сылықты сыйға тартуға жол берілмейтіндігін еске салғым келеді, - деп сөзін қорытындылады ол.