Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы қызды зорлағанын журналистерге растады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Өкінішке орай, бұл оқиғаның болғаны рас. Қылмысты бұрынғы полиция қызметкерлері жасаған. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, олар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды", – деді Ержан Сәденов.
Министрдің айтуынша, тергеу әлі жалғасып жатыр.
«Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?» деген сұраққа: «Иә, мен растаймын», – деп жауап берді министр.
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.