Бұл бастаманың мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін нығайту және оларды іс жүзінде қолдану, сонымен қатар институт профессор-оқытушылар құрамы мен мұғалімдер арасында белсенді тәжірибе алмасу алаңын құру.
Іс-шараға Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сәуле Қалибекова, лицей директоры Қайратбек Шадиев, кафедра оқытушылары және лицей мұғалімдері қатысты.
Алматы қаласының №178 лицейінде Абай университетінің Биология кафедрасы филиалының ашылуы оқушылар мен мұғалімдер алдында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды оқиға болды. Бұл білім беру үрдісін байытуға бағытталған маңызды бастама білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.