Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды.
Маңғыстау облысында 10 жастағы қызға интимдік сипаттағы хабарлама жазған жігіт ұсталды
910
оқылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды, – деп  хабарлайды Aikyn.kz.

Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған.

Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.

"Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген баспасөз мәліметінде.