Елімізде қар барысының саны екі есе азайып кеткен

WWF Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстан үлесіне ілбіс популяциясының небәрі 3%-ы ғана тиесілі.

Қазақстанда небәрі 99 қар барысы бар екені белгілі болды. Бұл басқа жылдармен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш, – деп хабарлайды Aikyn.kz Energypromе-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің зерттеуіне сүйенсек зерттеуінше, осыдан бес жыл бұрын елімізде 223 бас қар барысы болған. Олар мекендейтін аймақтардың көпшілігі шекаралас аумақтар. Зерттеушілердің сөзінше, жыртқыштар Қытайға, Қырғызстанға мен Ресейге ауып кетуі мүмкін.

Сарапшылар аяқ жете бермейтін тау шатқалдарында мекендейтін барыстарды есептеу қиын болғандықтан, олар адамзат қолынан жойылып жатыр деуге болмайтынын айтады. Сондықтан олардың азаюына басқа себептер әсер етуі мүмкін.

«Популяция азаюының тағы бір факторы барыстардың қорек көзі саналатын тау ешкілерін заңсыз аулау болуы мүмкін. Төртінші әсер ету факторы да адам әрекетіне байланысты. Барыстар мекен ететін ортаға іргелес орналасқан ауылшаруашылық жануарлары жайылып, жабайы аша тұяқтыларды ығыстырып шығара бастағанда, олардың таралу аймағы өзгереді», – дейді сарапшылар.

WWF Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстан үлесіне ілбіс популяциясының небәрі 3%-ы ғана тиесілі.

Жалпы ілбіс әлемнің 12 елінде өмір сүреді. Осы мемлекеттердің бәрінде оларды Қызыл кітапқа еніп, жойылып кетуден сақтау бағдарламалары жасалған.

Алдын ала есеп бойынша, жабайы мысықтың көп бөлігі, яғни 2,5 мыңға дейін түрі Қытай тауларында тіршілік етеді.

Моңғолия мен Үндістандағы санын да көп деп айтуға болады – 1 мың және 600-ге жуық. Қазақстан 100-110 санымен (2021 жылғы деректер) 10-шы орында тұр.

Бұл аң үшін негізгі стресс-фактор – олар мекендейтін орынға адамдардың жетуі.

Біріншіден, таулы аймақтарды зерттеу, екіншіден, ол жерлерде тұрақсыз туризмнің дамуы әсер етеді.

Жабайы тау бөктерінде адамның пайда болуы аңдарды үркітіп жіберуі, сол себепті олар алысырақ жаққа кетіп қалуы мүмкін.

Олардың азаюына ықпал ететін тағы бір фактор – заңсыз аң аулау.

Сондай-ақ олар мекендейтін аумақтарға төрт түлік малды жая бастағанда да жабайы аңдар басқа жаққа ығысады.