Ведомствоның Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барыстары популяциясының рекордтық деңгейге дейін төмендегені туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Яғни, Energyprom.kz мониторинг агенттігі ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Зоология институтының санағына сәйкес, Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.