36 жастағы қала тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталды.
Шымкентте ер адам әйел кісінің көлігінен көйлек, аяқкиім, косметика ұрлаған
738
оқылды

Шымкенттік ханымның көлігінен көйлек, аяқкиім және косметика ұрлаған ер адам сотталды,  деп хабарлады Aikyn.kz. 

Аталған заттардан бөлек, көліктің ішінен смартфон, сақина, шаш күтіміне арналған жиынтық және 40 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша ұрланған. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті үйдің ауласындағы айыптұраққа қойып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенде ұрлық болғанын білген. 

«Келтірілген шығын көлемі шамамен 400 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірді. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді. Ер адам кінәлі деп танылып, оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,  делінген хабарламада.