Танымал актриса, әншілігімен де көзге түсіп жүрген жүрген Дариға Бадықованың “Таптым-ау сені” фильмінің кассасы рекорд жаңартты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Stan.kz-тің жазуынша, "Таптым-ау сені" романтикалық комедиясының кинотеатрлардан көрсетіле бастаған небәрі 10 күн ішінде миллиард теңгеден астам табыс түскен.
Фильмнің кассалық түсімі (1.12.2023-10.12.2023 жылдар аралығында) 1 100 000 000 теңге болған. Kinopark-Kinoplexx Theatres ірі кинотеатры өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш отандық прокат үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазақстандық фильм осындай қысқа күн ішінде ауқымды кассаға ие болған.
"Әдетте, фильмнің бюджеті қомақты болса немесе шетелде түсірілсе әрі премьерасы сәтті күнге жоспарланса ғана миллиардқа кеңелту мүмкіндігі жоғары деген ортамызда таптауырын пікір бар. Дариға Бадықова аталған факторлардың ешқайсысы фильмнің прокатына еш әсер етпейтінін дәлелдеп берді. Толықтай Қазақстанда түсірілген, бюджеті өте қарапайым "Таптым-ау сені" ромкомы 1 желтоқсанда прокатқа шығып, қысқа мерзімде миллиард теңгеден астам касса жинады. Әрине, киноны түсірушілер табысқа жетудің өзіндік формуласын тапқан", – дейді Kinopark-Kinoplexx театрларының өкілдері.
Сондай-ақ, фильмнің саундтрегі 15 миллион көрілім жинап, бірінші орынға шықты.