Облыста жолда қалып қойған азаматтарға арналған жедел желі іске қосылды.
Түркістан облысында жолда адасып қалған 287 адам құтқарылды
782
оқылды

Түркістан облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарға  арналған жедел желі іске қосылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түркістан облысында екі күннен бері бұрқасын жел тоқтамай тұр. Соның салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, «Батыс Еуропа   Батыс Қытай» трассасы, Қошқарата Жарықбас Бірлік, Шаян  Ағыбет  Шақпақ, Көксәйек Ақсу  Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылған.

Өткен тәулікте құтқарушылар жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы   балалар.

«Түркістан облысының ТЖД қолайсыз ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармау керегін ескертеді. Қала сыртына баратын болсаңыз, жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Қазір  облыста 1 республикалық, 10 облыстық жол жабық»,   делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Түркістан облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарға  арналған жедел желі іске қосылды.

Жедел желі: 8 725 33 5 78 97 немесе 102.