Американың ең беделді басылымдарының қатарында аталатын The Washington Post газеті математикалық тұрғыдан алғанда Жер ғаламдағы өмір сүруге жарамды жалғыз планета еместігін жазды. Aikyn.kz басылымдағы талдау материалына сүйеніп, ғалымдар сенсациялық болжамдарын қандай ғылыми негізге сүйеніп жасайтындарын түсіндіреді.
Фото Getty images сайтынан алынды
The Washington Post газеті дәлелдердің жоқтығы жерден тыс тіршіліктің жоқтығын дәлелдемейді деген пікір айтады. Ғарыш кеңістігін шолушы астрономдар да түсініксіз ғажайып формадағы объектілердің Жер атмосферасына енгені туралы сенсациялар да жариялап тұрады. Сондай бір жаңалықты Гавайи астрономдары 2017 жылы таратты. Олар ғарыштан үлкен жылдамдықпен сигара тәрізді жұмбақ қоңыр нысанды тіркеген.
«Оның жылдамдығы соншалық, ол алыстан, жұлдызаралық кеңістіктен келген болуы керек» деген болжамдар жасайды. Бұл беймәлім объектіге олар «Оумуамуа» деген ат қойған, яғни, гавайи тілінде «алыстан келген хабаршы» дегенді білдіреді. Бірақ бұл шынымен не болды? Комета немесе астероид болар? Немесе басқа планетадағы тіршілік иелерінің кемесі ме?
Бұл сенсациялық болжам ғалымдардың көпшілігін ашуландырғанымен, Батыс Вирджиниядағы Жерден тыс тіршілік иелерін іздеу (SETI) бағдарламасына қатысушылар оны алып радиотелескоп арқылы жақсырақ қарауға шешім қабылдаған.
Фото Shutterstock сайтынан алынды
Ғаламшардан басқа тіршілік иелерін іздеу әрқашан қызығушылық туғызады. Жерден тыс өркениет концепциясына деген қызығушылықты жаңа деп атауға болмайды, бірақ XXI ғасырда ол ерекше назарға алынды. Әскери ұшқыштар жұмбақ және бөтен нәрсемен кездесулер туралы жиі хабарлайды, Пентагон болса бұл жағдайларды зерттеу үшін арнайы бөлім құрған.
АҚШ Конгресі тыңдаулар өткізеді. Тіпті, NASA да осы тақырыптың жанкүйерлерінің ыстық ықыласын ғылымның салқын логикасымен өлшеуге кіріскен.
Өзге ғаламшарлардағы тіршілік иелерін іздеу бағдарламасының ең маңызды жобасы Green Bank атты шалғайдағы таулы қаладағы Ұлттық радиоастрономиялық обсерваториясы саналады. Breakthrough Listen деп аталатын бұл жобада бақылау диаметрі 90 метр болатын телескоп қолданылады. Егер галактикамыздың бір жерінде радио сигналдарын тарататын бөтен тіршілік иелері болса, онда бұл үлкен телескоп оларды естіп, тіркей алады.
Фото bloknot-krasnodar.ru сайтынан алынды
Ғалымдар біздің галактиканың аз ғана бөлігі зерттелгенін айтады. Өзге ғаламшарлардағы тіршілік иелері біз қолданатын радиотолқындарды түсінбеуі немесе олардың технологиялары өте озық болып, адамзат қолданатын қазіргі технологиялар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әзірше АҚШ-тың SETI бағдарламасы ғарышта ешкімді анықтаған жоқ.
Шілдеде Конгрестің Өкілдер палатасы жоғары деңгейдегі тыңдау өткізді, онда бұрынғы Әуе күштерінің барлау офицері Құрама Штаттарда апатқа ұшыраған «белгісіз өркениеттің ғарыш кемесі» ғана емес, сонымен қатар кейбір «биологиялық қалдықтары» бар екенін айтқан.
Сенімді куәгерлер, соның ішінде америкалық әскери ұшқыштар да анықталмаған ұшу объектілерін көргені бірнеше рет тіркелген. Дегенмен ғаламда басқа тіршілік иелері жоқ деп ешкім айта алмайды. Бірақ ондай тіршілік иелері ғаламшардың бір жерінде болғанның өзінде біз мұны ешқашан білме алмауымыз ықтимал. Өйткені байланыс орнату үшін олар бізден тым алыс.
Бір қызығы, адамдар басқа планеталардан тек өзімізге ұқсас саналы тіршілік иелерін іздейді. Ал алыс ғаламшарларда өсімдіктер, жануарлар мен балықтарды іздемейді. Адамды өзіне ұқсас табиғи түрлер ғана қызықтырады.
Фото Shutterstock сайтынан алынды
Қысқаша анықтама
The Washington Post газеті қазақ тіліне аударғанда Вашингтон поштасы деген мағына береді. Күнделікті шығатын газет, негізгі офисі Вашингтонда орналасқан.
АҚШ астанасындағы ең үлкен газет, ол сонымен бірге елдегі ең көне және ең ықпалды газеттердің бірі. Басылым 69 рет Пулитцер сыйлығын алған.
Газет өзінің халықаралық репортаждарымен әйгілі New York Times, экономикалық басылымдарға маманданған Wall Street Journal және Los Angeles Times газеттерімен бірге АҚШ-тың жетекші күнделікті басылымдарының қатарына кіреді.
The Washington Post Ақ үйдегі, Конгрестегі саяси оқиғаларды және Американың федералды үкіметі қызметінің басқа да жанама аспектілерін жариялау арқылы танымал болды.
Дүйсенбіден жұмаға дейін, сондай-ақ сенбі күндері шығатын газеттің мынадай бөлімдері бар:
Негізгі бөлім: бірінші бет, ұлттық және халықаралық жаңалықтар, бизнес, саясат, редакциялық мақалалар және пікірлер. Жергілікті жаңалықтарды қамтитын бөлім, поп-мәдениет, саясат, бейнелеу және сахна өнері, кино, сән және кеңестер, комикстер туралы жазбаларды қамтитын стиль бөлімі. Бұдан басқа спорт және жарнама бөлімі жұмыс істейді.
Жексенбілік формат аздап ерекшеленеді: ол таблоид форматында жарияланады және ойын-сауық материалдарын көбірек қамтиды.